«Ақ желеңділер: көзден таса қауіппен күрес»: ДДСҰ мен ЕО COVID-19 алдын алу шаралары бойынша балаларға арналған комиксті ұсынды
«Ақ желеңділер: көзден таса қауіппен күрес» - бұл ДДСҰ COVID-19 алдын алу шаралары бойынша ұсынымдары бар балаларға арналған комикс. Комиксті дарынды қазақстандық суретшілері жас аудиторияны баурап алатындай және барынша түсінікті ететіндей шығарған. Бұл оқиғаның кейіпкерлері көзден таса қауіппен күрес барысында балаларға COVID-19 қоғамдық денсаулық шаралары туралы көбірек білуге көмектеседі.
Комикстің қазақ және орыс тілдерінде 4000-ға жуық данасы таратылады деп жоспарлануда. Бұл бастама Қазақстанның 15 облысындағы «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» ұлттық жобаға қатысатын 150-ден астам мектепті қамтиды.
Комиксті ЕО қосымша қаржыландырудың арқасында ДДСҰ Қазақстандағы елдік кеңсесі баспаға дайындаған болатын. Бұл оқиға армян, қырғыз және түрікмен тілдеріне аударылады деген ой бар.
ДДСҰ-ның Қазақстандағы ресми өкілі доктор Кэролайн Кларинваль:
«Бұл ДДСҰ үшін ерекше бір жоба. Біз халықаралық денсаулық ұйымы ретінде техникалық сараптама мен кеңес береміз, бұл біз үшін жаңа форматтағы қызықты әрі пайдалы тәжірибе. Комикс балаларға және олардың ата-аналарына негізгі профилактика шараларын жеткізе алатындай қарапайым және ыңғайлы құрал болады деп үміттенеміз».
Кестутис Янкаускас, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі:
«Еуропалық Одақ үшін бұл жобаны қолдау маңызды, әсіресе Қазақстанда атап өтілетін Балалар жылдың шеңберінде. Өскелең ұрпақтың ғылымға негізделген ақпаратқа қол жеткізуі өте маңызды, сондай-ақ оны қызықты етіп жеткізе алғанымыз да қуантарлық жайт. ДДСҰ-мен бірлескен жобамыз болашақта денсаулықты сақтауға және тіпті адам өмірлерін құтқаруда көмектеседі деп сенеміз».
Доктор Жанар Қалмақова, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының» басқарма төрағасының міндетін атқарушы:
«Біз Қазақстанда бұл бастаманы құптаймыз, өйткені балаларымыздың салауатты әдеттері балалық шағында қалыптасады. Мысалы, дұрыс қол гигиенасы, бөлмені жиі желдету және т.б. шаралар тек COVID-19 ғана емес, басқа да вирустық жұқпалы аурулардың алдын алуына көмектеседі».
Айта кетейік, соңғы апталарда Қазақстанда COVID-19 инфекциясының жұқтыру жаңа жағдайлары айтарлықтай төмендеген. Көптеген шектеулер біртіндеп жойылуда. Дегенмен, жағдайды толық бақылауға алғанша профилактикалық шараларды жалғастыру маңызды. Дәл осы ойды комикс кейіпкерлері – «Ақ желеңділердің» батыл жасағы да жеткізіп отыр.
Комиксті жүктеу сілтемесі: https://apps.who.int/iris/handle/10665/352490
Анықтамалық ақпарат:
2020 жылдың шілдесінде Еуропалық Одақ Орта Азия елдерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған «Орта Азиядағы COVID-19: дағдарысқа қарсы әрекет» (CACCR) 3 миллион еуро (1,4 миллиард теңге) көлеміндегі кешенді көмек пакетін іске қосты. Бұл пакет Қазақстанға ерекше көңіл бөледі. Бағдарламаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүзеге асырады. Мақсат – Орта Азия елдеріне COVID-19 пандемиясының салдарын жұмсартуға қолдау көрсету, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлес қосу.