АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ КҮНІ: САРАПШЫЛАР ҚАЗАҚСТАНДА БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЕРКІНДІГІН НЫҒАЙТУҒА ШАҚЫРАДЫ
Қатысушыларды қарсы ала: «Адам құқықтары мен негізгі еркіндік түрлері БҰҰ Жарғысында бекітілген. Еуропалық Одақ та, Қазақстан да осы жарғы қағидаттарын құрметтейді. Пікір білдіру еркіндігі — демократияның негізгі тіректерінің бірі», — деді Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алешка Симкич ханым — «Адам құқықтары күнін атай келе, Еуропалық Одақ адам баласының еркін өмір сүру құқығын қолдайтынын, оған берік ұстанымда екенін тағы да басып көрсетіп отыр. Біз Қазақстан және бүкіл Орталық Азия аймағында тәуелсіз дауыстар мен медианы қолдап, журналистердің құқықтарын қорғауды әрі қарай жалғастырамыз».
Қатысушылар Қазақстандағы медиа еркіндігінің қазіргі жағдайын талқылап, медиа мен онлайн-платформалар, интернет саласындағы саясатқа әсер етіп жатқан заңнама өзгерістері, сондай-ақ жасанды интеллектке қатысты пайда болған жаңа қауіп-қатерлерлерге назар аударды. Сарапшылар цифрлы ортада кибер-қауіптер мен құдалаулардың артып бара жатқанын айта келе, құқық қорғау органдары мен сот шешімдерінің журналистер мен әлеуметтік желі қолданушыларына әсерін талдады.
Сарапшылардың айтуынша, қоғамдағы өзара сенімді нығайту және ашық демократиялық диалог құру үшін журналистер жұмысына қауіпсіз әрі жағымды орта қалыптастыру шарт. «Журналистер өз жұмысын қудалау және цензурадан еш қауіптенбей атқаруы тиіс», — деді Internews ұйымының CARAVAN жобасы директоры Вадим Садоншоев. — «Бұзылмас құқықтық кепілдіктер мен реттеу жүйесінің ашықтығы осының алғышарты болып табылады».
Дөңгелек үстел нәтижесінде қатысушылар мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға арнап нақты ұсынымдар әзірлеуге бел буды. Бұл ұсыныстар сөз бостандығына қажетті құқықтық кепілдіктердің күшейтілуі, реттеу жүйесінің ашықтығын арттыру және Қазақстан медиақауымдастығы үшін мейлінше қауіпсіз еңбек жағдайларының қамтамасыз етілуін көздейді.
CONTACT DETAILS
Сұрақтар үшін: Айжан Калимбетова, коммуникациялар жөніндегі маман, Internews, akalimbetova@internews.org