Вице-Президент Шефчович «Astana Mining&Metallurgy 2023» 13-ші Халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қатысу және екіжақты қарым-қатынасты нығайту үшін Қазақстанға келеді

Ертең, 1 маусымда Институционалдық байланыстар және болжау жөніндегі Вице-Президент Марош Шефчович 2022 жылдың қараша айында Президент фон дер Ляйен мен Премьер-Министр Әлихан Смайылов бастаған Қазақстанмен Шикізат, аккумуляторлық батареялар және жаңартылатын сутектің тұрақты құн тізбектері саласындағы Стратегиялық Әріптестіктің іске асырылу барысын бақылау мақсатында Қазақстанға келеді. Миссия 17 мамырда Президент фон дер Ляйен мен ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов арасындағы хат алмасу арқылы қол қойып расталған Стратегиялық әріптестіктің жол картасын практикалық түрде жүзеге асырудың алғашқы қадамы болып табылады.

Жаһандық шлюзге сәйкес, Еуропалық Комиссия мен Қазақстан Республикасы стратегиялық секторлардағы өзара ынтымақтастығын белсендіруге берік және айқын міндеттемені білдіреді: оның ішінде энергиямен жабдықтаудың баламалы жолдарын дамыту арқылы энергетикалық қауіпсіздікті нығайту; цифрлық егемендікті қоса алғанда, тұрақты және қауіпсіз цифрландыруды арттыру; көлік байланыстарын жақсарту; және адамдар үшін жұмыс орындарын ашатын жасыл, тұрақты және климаттық бейтарап экономикаға көшу.

Қазақстан Еуропаның ішінде және одан тыс жерлерде жасыл және цифрлық көшуге сәтті қол жеткізудегі шешуші ықпал етуші рөлін ескере отырып, шикізат саласындағы ЕО үшін негізгі серіктес болып қала береді.

Осы тұрғыда Вице-Президент Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен Қазақстандық «Тау-Кен Самұрық» (TKS)  ұлттық тау-кен компаниясы арасындағы Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсіміне қатысады. Вице-Президент сондай-ақ ЕО-ның ЕҚДБ-мен тығыз ынтымақтасу нұсқаларын зерделеу, соның ішінде ЕҚДБ-ТКС меморандумын қолдау және оған қоса, ЕО мен Қазақстан арасындағы Шикізат, аккумуляторлық батареялар және жаңартылатын сутектің тұрақты құн тізбектері саласындағы Стратегиялық Әріптестіктің жүзеге асыруға қамтамасыз ету үшін, оның ішінде ЕҚДБ-мен болашақ Еуропалық тұрақты даму қоры плюстің (EFSD+) әлі келіссөздер жүргізіліп жатқан кепілдік келісімі аясында міндеттемесін қайталайтын ниет хатына қол қояды.

2 маусымда Вице-Президент Шефчович тау-кен және металлургия өнеркәсібіндегі жаһандық оқиға, әлем мойындаған 13-ші халықаралық Astana Mining & Metallurgy конгресінде (AMM2023) кіріспе сөз сөйлейді.

Сапар барысында Вице-Президент ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен, Индустрия министрі Марат Қарабаевпен және Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевпен екіжақты кездесулер өткізеді. Ол сондай-ақ ЕО және Қазақстан бизнес басшыларымен кездеседі.

Сондай-ақ, Вице-Президент Шефчович Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы Бірінші Тұрақты Энергетика күндерінің конференция бөлігі болып табылатын «Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу: аймақтық тәжірибе және перспективалар» пленарлық сессиясында кіріспе сөз сөйлейді. Осы тұрғыда ол Орталық Азияның барлық бес елінен университет студенттері, жас зерттеушілер мен инженерия, энергетика, қоршаған орта және климатты зерттеу саласындағы жас мамандар арасында #Reels4SustainableEnergy байқауының және қабырға суреттері байқауының жеңімпаздарын жариялайды.

Баспасөз хабарламаларын, суреттер мен бейнелерді EbS сайтында, ал тікелей жаңартулар Вице-Президенттің әлеуметтік желі арналарынан көруге болады.