Дүниежүзілік ҮЕҰ күні: Жоғары өкіл/Вице-президент Жозеп Борреллдің мәлімдемесі
Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) күнінде біз күн сайын адам құқықтары, демократиялық құндылықтарын құрметтеу және заң үстемдігі үшін күресте алдыңғы қатарда жүрген барлық азаматтық қоғам өкілдеріне бас иеміз. ЕО олардың ең осал топтарға қолдау көрсету және дауыстарын естірту, сондай-ақ бейбіт, әділ және инклюзивті қоғамдарды құруға қосқан маңызды үлесін жоғары бағалайды.
2022 - Еуропалық Жастар жылы - біз жастар ұйымдарына, сондай-ақ бүкіл әлемдегі жас құқық қорғаушыларға ерекше құрмет көрсетеміз. Олар өзгерістердің шешуші субъектілері және олардың адалдығы мен батылдығы тұрақты, әділ және тең әлем құру және барлығы үшін жақсы болашақты қалыптастыру үшін аса қажет.
Бүгінде Ресей Федерациясының Украинаға қарсы негізсіз және қисынсыз әскери агрессиясы халықаралық бейбітшілік пен заң үстемдігіне қастандық жасап отыр. Пезидент Путиннің демократия, адам құқықтары және халықаралық ережелерді елемегендігі салдарынан болашағы мен дауысына қауіп төніп отырған украин және ресей халқы, оның азаматтық қоғамы мен жастарына жақтасатынын сеніммен атайды.
Оның үстіне, әлемнің түкпір-түкпірінде біз іс жүзінде, құқықтық және әкімшілік шаралар арқылы азаматтық кеңістіктің регрессиясының өсу үрдісінің куәсі болып отырмыз. Оларға үкіметтік емес ұйымдарды тіркеудегі кедергілер, ресурстарға қол жеткізуге шектеулер, соның ішінде шетелдік қаржыландыру, қатаң тексеру ережелері және есеп берудің күрделі талаптары жатады. Мұндай шаралар адамның жалпыға бірдей құқықтары мен негізгі бостандықтарын қатты шектейді. Сонымен бірге азаматтық қоғам өкілдері, соның ішінде құқық қорғаушылар физикалық шабуылдар қуғын-сүргін, қудалау, қорқыту, жала жабу науқандарымен, сонымен қатар, онлайн бақылаудың күшеюімен бетпе-бет келеді.
Бұл үрдіс жалғаса алмайды. Демократиясы күшті, адам құқықтары сақталған және азаматтық қоғам еркін әрекет ете алатын жағдайда ғана мемлекеттер мен қоғамдар төзімді және ұзақ мерзімді тұрақты қауіпсіздікке ие бола алады. Еуроодақ азаматтық қоғам кедергісіз және қауіпсіз жұмыс істей алатын онлайн және офлайн режимінде қатерсіз және қолайлы ортаны қорғауға және дамытуға ұмтылады. Біз өз елдеріндегі, сондай-ақ көпжақты форумдарда азаматтық қоғамның шешуші рөлін қорғауды жалғастырамыз.
ҮЕҰ-лар еуропалық саясаттар, бағдарламалар және жобаларды әзірлеуде, жүзеге асыру және бақылауда негізгі серіктестер болып табылады. Біз ҮЕҰ-ды қоғамдастықтарға жақындығы мен адалдығы, жергілікті және өзекті сараптамасы арқасында адам құқықтары, гуманитарлық көмек және даму жұмыстарының құнды және тиімді іске асырушылары ретінде танимыз.
2014 және 2021 жылдар аралығында ЕО серіктес елдердегі жергілікті азаматтық қоғамға қолдау көрсететін әлемдегі ең ірі провайдер болып, азаматтық қоғам ұйымдарын қолдауға шамамен 10 миллиард еуро бөлді. Сондай-ақ ЕО адам құқықтарын қорғаушыларды қорғау және қолдау бойынша жетекші донор болды, 2015 жылдан бері ProtectDefenders.eu арқылы 53 000-ға жуық құқық қорғаушы мен олардың отбасына қолдау көрсетілді. NDICI Global Europe арқылы біз алдағы жылдарда да азаматтық қоғам мен құқық қорғаушыларға қолдау көрсетудің біз үшін басты тақырып болатынын тағы да растадық.
Адам құқықтары мен негізгі бостандықтары және азаматтық қоғаммен серіктестік Еуроодақтың ДНҚ бөлігі болып табылады. Азаматтық қоғам субъектілерін тарту, олардың мүмкіндіктерін кеңейту және қолдау әрқашан ЕО әрекетінің өзегі болып қала береді.
CONTACT DETAILS
NABILA MASSRALI
Spokesperson for Foreign Affairs and Security Policy
+32 (0) 2 29 88093
+32 (0) 460 79 52 44
XAVIER CIFRE QUATRESOLS
Press Officer for Foreign Affairs and Security Policy
xavier.cifre-quatresols@ec.europa.eu
+32 (0)2 29 73582
+32 (0)460 75 51 56