ЕО-Орталық Азия жоғары деңгейдегі диалогы Орталық Азиядағы су ресурстары, энергетика және климат саласындағы ынтымақтастықты дамытуға деген бейілділікті растайды

2026 жылғы 23 сәуірде Еуропалық Одақ, ЕО-ға мүше мемлекеттер, Орталық Азия елдері және халықаралық қаржы институттарының жоғары деңгейдегі өкілдері Қазақстанның Астана қаласында «Еуропа командасы» (Team Europe Initiative, TEI) бастамасы аясында Орталық Азиядағы су ресурстары, энергетика және климаттың өзгеруі мәселелеріне арналған жоғары деңгейдегі отырысқа жиналды.

Қатысушылар өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және су қауіпсіздігі, жасыл энергетикаға көшу және климаттық тұрақтылық салаларындағы өзара байланысты сын-қатерлерге келісілген түрде ден қоюды ілгерілетуге ортақ бейілділігін растады.

«Астанада өткен жоғары деңгейдегі кездесу 2025 жылғы сәуірде өткен ЕО–Орталық Азия алғашқы саммитінен кейін энергетика, су ресурстары және климат салаларындағы ЕО мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың кезекті қадамы болып табылады. Су ресурстары, энергетика және климат жөніндегі "Еуропа командасы" бастамасы ЕО-ның Орталық Азиядағы ең ірі бастамасы болып табылады және су ресурстары, жаңартылатын энергетика және климат саласындағы . Біз су саласындағы ынтымақтастықты арттыру және өңірдегі энергетикалық жүйелердің жасыл трансформациясын қолдау бағытында Орталық Азиядағы серіктестерімізбен орнаған тиімді әріптестікті мақтан тұтамыз», - деді ЕО-ның Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс.

GG PP Astana

Кездесу барысында су ресурстарын тұрақты басқаруды, жаңартылатын және тұрақты энергетикалық жүйелерге көшуді, сондай-ақ климаттық шараларды күшейтуді қоса алғанда, интеграцияланған және өңірлік үйлестірілген тәсілдердің стратегиялық маңыздылығы атап өтілді. Қатысушылар өңірлік және трансшекаралық ынтымақтастықты және өңірдегі саясаттардың үйлесімділігін одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті. 

Қатысушылар сондай-ақ Орталық Азиядағы тұрақты және климаттық тұрақты даму траекторияларын қолдау үшін инвестицияларды жұмылдыру мен қаржы құралдарын келісілген өңірлік басымдықтармен үйлестірудің негізгі рөлін атап өтті.

«Су ресурстары, энергетика және климат саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту - неғұрлым орнықты және тұрақты Орталық Азияны ілгерілетудің стратегиялық басымдығы болып табылады», - деп Италияның климаттың өзгеруі жөніндегі Арнайы өкілі Франческо Корваро атап өтті. «“Еуропа командасы” бастамасы аясында Италия кешенді шешімдерді, соның ішінде табиғатқа негізделген тәсілдерді ілгерілетеді, сондай-ақ инвестицияларды жұмылдыру және тұрақты инфрақұрылымды кеңейту мақсатында қаржылық құралдарды өңірдің ортақ басымдықтарына сәйкес үйлестіруді қолдайды».

Кездесуге қатысушылар ортақ стратегиялық басымдықтарды көрсететін және барлық серіктестердің «Еуропа командасы» бастамасы шеңберінде одан әрі өзара іс-қимылға ұжымдық бейілділігін растайтын бірлескен қорытындылардың қабылдануын құптады.

Анықтама:

Орталық Азиядағы су ресурстары, энергетика және климаттың өзгеруі жөніндегі «Еуропа командасы» бастамасы ЕО Global Gateway стратегиясы аясындағы флагмандық бастама болып табылады және Еуропалық Одақтың өңірдің негізгі сын-тегеуріндерін шешуге бейілділігін көрсетеді. Global Gateway-дің кеңірек мақсаттарына сәйкес, бұл бастама жалпы құндылықтарға, жоғары стандарттарға және ашықтыққа негізделген инфрақұрылым саласындағы серіктестіктерді ілгерілету есебінен жаһандық инвестициялық алшақтықты қысқартуға ЕО-ның бүгінгі күнге дейін 4,8 млрд еуро мөлшеріндегі үлесін білдіреді. Бастама су ресурстарының, энергетиканың және климаттың өзгеруінің өзара байланысты мәселелеріне стратегиялық бағытталып, олардың Орталық Азияның тұрақты дамуына елеулі әсерін мойындайды. TEI 2009 жылы Римде (Италия) өткен ЕО–ОА жоғары деңгейдегі конференциясында құрылған қоршаған орта және су ресурстары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ЕО–Орталық Азия платформасының жұмысын жалғастыруда және кеңейтуде.