ЕО құрбандарды қорғау үшін қазақстандық құқық қорғау органдарының әлеуетін арттырады

Семинарға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсететін ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты. Қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау шараларын жетілдіруге бағытталған практикалық стратегиялармен бөлісті.
Талқылау барысында тыйым салу туралы бұйрықтарды шығару мен орындаудың құқықтық және процестік тетіктері, полиция мен сот органдарының жәбірленушілерді қорғауды қамтамасыз етудегі рөлі, сондай-ақ ЕО-ға мүше мемлекеттердің құрбандарға бағдарланған тәсілдерді қолданудағы озық тәжірибелері қамтылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдардың қауіпсіздігі мен қадір-қасиетін қамтамасыз ету мақсатында үйлестірілген, уақтылы және гендерлік сезімтал шараларды қабылдаудың қажеттілігіне баса назар аударылды.
Бұл семинардың өткізілуі Ішкі істер министрлігінің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелеріне басымдық беретіндігін көрсетеді. Бұл бөлімнің қоғамның хабардарлығын арттыруға және мінез-құлық үлгілеріндегі оң өзгерістерге ықпал етуге бағытталған «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» науқанында көрініс тапқан.
Сонымен қатар, іс-шарада тыйым салу туралы бұйрықтардың талаптарының сақталуын тиімді бақылаудың және олар бұзылған жағдайда адам құқықтары саласындағы жалпыға бірдей танылған халықаралық стандарттарға сәйкес барабар құқықтық салдарларды қолдануды қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.
Аталған бастама институционалдық әлеуетті нығайтуға, сот төрелігіне қол жеткізуді кеңейтуге және қауіпсіз әрі әділетті қоғам құруға бағытталған ЕО мен Қазақстан Республикасы арасындағы кең ауқымды ынтымақтастық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
Анықтамалық ақпарат:
Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім туралы:
Шара Еуропалық Одақ қаржыландыратын, ЕО және Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді (EPCA) жүзеге асыруды қолдауға бағытталған жоба аясында ұйымдастырылды. EPCA саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы екіжақты байланыстарды тереңдету үшін жан-жақты негіз ретінде қызмет етеді. Ол тиімді басқаруды, адам құқықтарын және заң үстемдігін алға жылжыту, сондай-ақ сауда, энергетика, білім беру және орнықты даму сияқты салалардағы ынтымақтастықты нығайту арқылы Қазақстанның реформалық күн тәртібін қолдауға бағытталған. Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдерімен жасалған ең озық келісімі ретінде EPCA тұрақтылық, демократиялық институттарды жаңғырту мен нығайтуға қатысты ортақ міндеттемені көрсетеді.
CONTACT DETAILS
Қосымша ақпарат үшін:
Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Баспасөз және ақпарат бөлімі: Delegation-Kazakhstan-pic@eeas.europa.eu
Жоба маманы: irinaurumova@gmail.com