Еуроодақ қаржыландыратын «Қоғамдық қатысу мектебі – Батыс Қазақстан» жоба аясындағы алғашқы іс-шаралар

07.06.2021

АҚТАУ – «Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі 2021 жылдың мамыр айынан бастап «Қоғамдық қатысу мектебі – Батыс Қазақстан» жобасын іске асыруды бастады. Ұзақтығы 24 ай болатын жоба Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

АҚТАУ –  «Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі 2021 жылдың мамыр айынан бастап «Қоғамдық қатысу мектебі – Батыс Қазақстан» жобасын іске асыруды бастады. Ұзақтығы 24 ай болатын жоба Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

Жобаның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызмет көрсету және жергілікті қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыратын мемлекеттік ресурстарды бөлу арқылы Батыс Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі өмір сүру сапасын жақсарту. Жоба Қазақстанның үш облысында жүзеге асырылуда: Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстары.

Жоба аясында алғашқы қадамы ретінде 19-20 мамыр және 01-02 маусым күндері Атырау, Ақтөбе қалаларында «Әлеуметтік жобаны әзірлеу» және «Азаматтардың шешім қабылдау процессіне қатысуының құқықтық негіздері және механизмдері» тақырыптарына 2 күндік тренингтер  өтті.

Аталған тренингтерге 78 адам, атап жазғанда Ақтөбе және Атырау облысының  жергілікті қоғамдастық мүшелері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, бастамашыл топтар және басқа да белсенді азаматтар қатысты.

Алғашқы күні «Азаматтардың шешім қабылдау процессіне қатысуының құқықтық негіздері және механизмдері» тақырыбында өткен тренингте қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқару туралы қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес өз құқықтарын іс жүзінде қолданып, ауылдық округтің даму жоспарын құра отыра, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған қаражаттың жұмсалуын бақылау туралы ақпарат берілді.

 Сондай-ақ, «Әлеуметтік жобаны әзірлеу» тақырыбындағы тренинг барысында қатысушылар әлеуметтік жобаны әзірлеп, шағын жобаларды іске асырудың мүмкін болатын бағыттарын талқылап,  сонымен қатар бастамашыл топтарға олардың жобаларын әзірлеу бойынша кеңестер айтылды.

Қосымша ақпарат алу үшін Маңғыстау облыстық азаматтық альянсының өкілі Айдана Досжанға  8 (7292) 30 37 84; 8 7076001902 , тел. арқылы және gamo_aktau@mail.ru.

ЕО Қазақстандағы Өкілдігінің Коммуникациялар бойынша басқарушысы Эльнура Абаканова ханымға хабарласыңыз, e-mail: elnura.abakanova@eeas.europa.eu.