Еуропалық Одақ Қазақстандағы мемлекет пен азаматтардың өзара әрекеттестігін нығайту үшін цифрлық трансформацияны қолдайды
НҰР-СҰЛТАН ‒ Қазақстандағы әйелдер мен жастар шешім қабылдау үшін мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуді аса қаламайды, өйткені олар үкіметті ірі және елеулі өзгерістердің жалғыз акторы деп санайды. Бұл цифрлық құралдар арқылы мемлекет пен азаматтардың өзара әрекеттесуін нығайтуға бағытталған Еуропалыөқ Одақ (ЕО) қаржыландыратын жоба жүргізген зерттеудің негізгі тұжырымдарының бірі.
Орталық Азияның Еуразия қоры, ЕО қолдауымен «Сіздің дауысыңыз маңызды. Технологиялар арқылы азаматтық шешім қабылдау» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, бүгінгі таңда жұртшылыққа жастар мен әйелдерді шешім қабылдау процесіне тарту жобасын зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеу азаматтық технологиялардағы 20-35 жастағы жастар мен 20 жастан асқан әйелдердің тәжірибесін, оның ішінде хабардарлық, пайдалану, оларды қолданудағы негізгі кедергілер және қажетті қолдау, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесудің басқа нысандарын бағалауға бағытталған.
Қазақстан Үкіметі олар бойынша азаматтар кері байланыс беріп, ақпаратқа қол жеткізе отырып, сұрау салулар мен шағымдар жіберіп, заң жобалары бойынша жария түсініктемелер бере отырып, мемлекет жұмысына қатыса алатын бірқатар арналар әзірледі. Азаматтардың жеке өзара іс-қимыл жасау құралдарынан басқа, барлық деңгейлерде азаматтық қатысуды қамтамасыз етудің мемлекеттік тетіктері бар, мысалы e-gov.kz және басқа платформалар.
«Берік азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет ретінде Жаңа Қазақстанды құру үшін әйелдер мен жастардың белсенді қатысуы қажет. Азаматтық технологияларға, тиісті білімге және сандық дағдыларға қол жеткізе отырып, олар өз қауымдастықтарындағы өзгерістердің нағыз көшбасшысы бола алады. Осы жобаның көмегімен біз Қазақстанның азаматтар барлық деңгейлерде шешімдер қабылдауға белсенді қатысатын қазіргі заманғы мемлекет құру ниетін қолдаймыз», — деп атап өтті Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Стенбаек Мэдсeн.
Зерттеу барысында анықталған шешім қабылдауға азаматтардың қатысуына тағы бір маңызды кедергі – бұл жеке азаматтардың адамдар тобы үшін жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмеуі. Сауалнамаға қатысқан қатысушылар мен фокус-топтардағы талқылаулар қазақстандықтардың іс – әрекет жасауға дайын екендігін, бірақ жеке деңгейде жұмыс істеуді – ақшалай көмектесуді, хабарлама жазуды немесе шағым беруді қалайтындығын көрсетеді. Олар көбінесе негізгі сенім деңгейінің төмендігіне байланысты ұжымдық іс-әрекетке онша қызығушылық танытпайды, бұл жалпы игілік үшін ынтымақтастық мүмкіндіктерін айтарлықтай шектейді.
«Біздің жобамыз нысаналы топтар мен жергілікті билік арасындағы тең құқықты және ынтымақтастыққа негізделген серіктестікті жолға қоюға көмектеседі. Бұл үкіметтің азаматтардың қажеттіліктеріне тиімді жауап беруі үшін жергілікті және ұлттық деңгейдегі диалог пен шешім қабылдау процестеріндегі қауымдастық дауысын күшейтеді», — деп атап өтті Ринад Темирбеков, Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) директоры.
Анықтамалық ақпарат
«Сіздің дауысыңыз маңызды. Технологиялар арқылы азаматтық шешім қабылдау» бағдарламасы инклюзивтік азаматтық технологиялар мен цифрлық сауаттылық, қоғамдастықтың басшылығымен әлеуметтік шешімдер және стратегиялық ақпараттық науқан арқылы Қазақстандағы барлық деңгейлерде шешімдер қабылдау процесінде әйелдер мен жастардың рөлін күшейтуге бағытталған. Жобаны ОАЕҚ және «ITeachMe» ҚҚ жүзеге асырады. Жобаның ұзақтығы: 24 ай (2022 ж.ақпан – 2024 ж. қаңтар). Жалпы бюджет: 277,738 еуро, оның ішінде ЕО 249,964 еуро салымын қоса.
CONTACT DETAILS
Қосымша ақпарат алу үшін ОАЕҚ атқарушы директоры Ринад Темірбековке, тел.: + 7(727) 250-18-10, rinad@ef-ca.org немесе Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігіне delegation-kazakhstan-pic@eeas.europe.eu хабарласыңыз.