Еуропалық Одақ Қазақстанның тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу шараларын күшейту жөніндегі күш-жігерін қолдайды

14 мамыр 2025 - Астанада Еуропалық Одақ қаржыландыратын, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен серіктестікте ЕО және Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді (EPCA) жүзеге асыруға қолдау көрсету жобасы аясында ұйымдастырылған «Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрестегі келесі қадамдар: еуропалық тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге негізгі мүдделі тараптар, оның ішінде, Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, басқа да мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент депутаттары, жәбірленушілерге қолдау көрсететін ұйымдар, сондай-ақ Еуропалық Одақ пен Еуропалық Кеңестің сарапшылары қатысты. Іс-шара тәжірибе және озық халықаралық тәжірибе алмасу арқылы Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ден қоюды күшейту бойынша диалог алаңына айналды.

Қатысушылар заңнамалық базаны кешенді түрде әзірлеу, тиімді алдын алу және қорғау тетіктерін енгізу, жәбірленушілерге бағытталған қызметтерді көрсету және үйлестірілген ведомствоаралық әрекеттерді жүзеге асыру сияқты ауқымды мәселелерді талқылады.

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Ж.М. Алешка Симкич өз сөзінде: «Тұрмыстық зорлық-зомбылық – миллиондаған адамның өмірін қинайтын жаһандық проблема, көбінесе, жария етіле бермейді әрі көлеңкеде қалады. Ол адам құқықтарын ғана емес, сонымен қатар, абырой, қауіпсіздік пен әділет негіздеріне нұқсан келтіреді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу – бұл құқықтық міндет қана емес, бұл - моральдық парыз», – деді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко: «Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу Қазақстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерінің басымдығы болып табылады. Біз еуропалық әріптестеріміз, ұлттық институттар және азаматтық қоғаммен барлық адамдар мен әділетті қорғаушылардың құқықтары мен абыройын қорғау үшін бірлесіп жұмыс істеудің маңызды екенін мойындаймыз», – деп атап өтті.

Талқылау барысында еуропалық көзқарастарды Қазақстан жағдайына бейімдеудің маңыздылығы аталып өтті, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықпен неғұрлым тиімді әрі тұрақты түрде күресу бойынша ұлттық күш-жігерді қолдаудың практикалық қадамдары айқындалды.

Анықтамалық ақпарат:

Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім туралы:

Шара Еуропалық Одақ қаржыландыратын, ЕО және Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді (EPCA) жүзеге асыруды қолдауға бағытталған жоба аясында ұйымдастырылды. EPCA саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы екіжақты байланыстарды тереңдету үшін жан-жақты негіз ретінде қызмет етеді. Ол тиімді басқаруды, адам құқықтарын және заң үстемдігін алға жылжыту, сондай-ақ сауда, энергетика, білім беру және орнықты даму сияқты салалардағы ынтымақтастықты нығайту арқылы Қазақстанның реформалық күн тәртібін қолдауға бағытталған. Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдерімен жасалған ең озық келісімі ретінде EPCA тұрақтылық, демократиялық институттарды жаңғырту мен нығайтуға қатысты ортақ міндеттемені көрсетеді.

Қосымша ақпарат үшін:

Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Баспасөз және ақпарат бөлімі: Delegation-Kazakhstan-pic@eeas.europa.eu 

Жоба маманы: irinaurumova@gmail.com