Еуропалық Одақ үшінші жыл сайынғы Медиа Форумын өткізді

Еуропалық Одақтың (ЕО) Қазақстандағы Өкілдігі, Maqsut Narikbayev University және ЕО-ға мүше мемлекеттері – Франция, Германия және Литвамен бірлесе отырып, “Цифрлық орта: ЖИ және Ақпаратты Манипуляциялау Дәуірінде Онлайн Болу” атты үшінші жыл сайынғы Медиа Форумын сәтті өткізді. Бір күндік аймақтық шараға Орталық Азияның барлық мемлекеттерінен 100-ден астам – журналистер, фактчекерлер, азаматтық қоғам өкілдері, медиа ұйымдар мен журналистика студенттері қатысты.

Қазақстандағы ЕО Елшісі Алешка Симкич хагым ашылу салтанатында: «Бұл жыл сайынғы Форум – ЕО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың маңызды алаңы, әрі бүгінде аймақтық деңгейге ұласып, Орталық Азияның барлық елдерінен медиа мамандарын біріктіріп отыр. Біз мұнда цифрлық трансформация, ЖИ-ді жауапты қолдану және дезинформацияға қарсы іс-қимылды талқылаймыз. Бұл – инновация, медиа бостандығы және ақпараттық кеңістіктің тұрақтылығына деген ортақ ұмтылысымыздың көрінісі. Еуропалық Одақ мұндай диалогты толық қолдайды, өйткені цифрлық трансформацияның – соның ішінде ЖИ-ді қолданудың – адамға бағытталған, этикалық және қоғамдық сенімге негізделген болуы аса маңызды», - деді

ЕО-ның Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс қатысушыларға үндеу жасады:

«БАҚ — ақпараттандырылған қоғам құрудың және демократияны нығайтудың маңызды тетігі. Ол азаматтар арасында, сондай-ақ азаматтар мен институттар арасында көпір рөлін атқарып, ашықтық, есеп берушілік және ақпараттың еркін қозғалысын қамтамасыз етеді. Әртүрлі көзқарастарды ұсынып, ақпарат құралдары қауымдастықтар арасында диалог пен түсіністікті дамытады. Дағдарыс кезеңдерінде БАҚ дәл әрі жедел ақпарат таратудың аса қажет құралына айналады. […] Журналистердің еңбегі азаматтардың ақпараттандырылған күйде болуын қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Ал ақпараттандырылған қауымдастықтар — бейбіт әрі дамыған қоғамның негізі. Біз Орталық Азияда медиа еркіндігі және цифрлық тұрақтылықты нығайту жолында сіздердің сенімді, ұзақ мерзімді серіктестеріңіз юолып қала береміз.»

Форум Жан-Марк Бургиньон (Nothing2Hide компаниясының тең құрылтайшысы және IT қауіпсіздік жөніндегі жетекшісі, Франция) жүргізген кіріспе сессия – цифрлық қауіпсіздік жөніндегі негізгі баяндамамен басталды. Бағдарламада қазіргі цифрлық ақпараттық кеңістіктің негізгі сын-қатерлеріне арналған төрт практикалық воркшоп болды:

дипфейктердің саяси және журналистік әсері туралы сессия, оны Тюбинген университеті жанындағы ғылымдар мен гуманитарлық пәндердегі этика бойынша халықаралық орталығының (IZEW) ғылыми қызметкері Мария Павелец (Германия) жүргізді, онда синтетикалық медианың қауіптері мен верификация тәсілдері талқыланды;

— «Pravda» ұйымының президенті және тең құрылтайшысы Якуб Слиж (Польша) өткізген ЖИ көмегімен жасалатын дезинформацияға арналған воркшопта қатысушыларға ЖИ-манипуляцияларын анықтау және оларға қарсы тұру құралдарын ұсынды;

журналистік тұрақтылық пен біржақтылыққа арналған сессия, «Pravda» ұйымының тең құрылтайшысы әрі вице-президенті Александра Врона (Польша) жеткешілігімен өтіп, қатысушыларға біржақтылық  белгілерін тану, редакциялық процестерді нығайту және медианың тиімділігін арттыру әдістерін үйретті;

ақпараттық қауіпсіздік бойынша практикалық воркшоп, оны цифрлық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық кеңесші Артём Тарасов (Қырғызстан) өткізді де медиа мамандарына арналған негізгі қорғаныс дағдылары және қауіпсіздік әдістерін ұсынды.

Форум барысында қатысушылар қазіргі уақытта Астанада жоғары деңгейдегі кездесулер өткізіп жатқан Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта мырзаның жылы лебізін қабыл алды. Оның сапары Еуропалық Одақтың Қазақстан және Орталық Азия елдерімен цифрлық басқару, медиа бостандығы және ақпараттық тұтастық салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге деген берік ұстанымын көрсетеді. Еуропалық Одақ Орталық Азияда кәсіби журналистиканы, цифрлық тұрақтылықты және сенімді ақпараттық кеңістікті ілгерілетуде адал әрі ұзақ мерзімді серіктес болып қала бермек.

Үшінші аймақтық Медиа Форум медиа мамандары мен сарапшылар үшін тәжірибе алмасуға, үйренуге және ынтымақтасуға, сондай-ақ ЖИ технологияларының әсері мен ақпараттық манипуляцияға қарсы іс-қимылдың журналистердің онлайн кеңістіктегі жұмысына ықпалын талқылауға мүмкіндік берді.