Еуропалық Одақ 2026 жылғы 1 шілдеде Алматы қаласында Қазақстанда қызмет ететін компанияларға ЕО-ның шектеу шаралары мен санкциялары туралы бір күндік тегін оқыту семинар өткізеді.
Семинарды Халықаралық ғылым және технологиялар орталығының (ISTC) қолдауымен Еуропалық комиссия ұйымдастырады.
Семинардың негізгі мақсаты - Еуропалық Одақ санкциялары және оларды қолдану тәртібі туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ осы шараларды ықтимал айналып өтуге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты қолдау. Еуропалық Одақтың сарапшылар тобының құрамына Еуропалық комиссияның санкциялар жөніндегі мамандары, ЕО-ға мүше мемлекеттердің өкілдері, сондай-ақ жеке сектор сарапшылары кіреді.
Мақсатты аудитория
Семинар келесі қатысушыларға арналған:
- Қазақстанда қызмет ететін қазақстандық және халықаралық компаниялар;
- Еуропалық Одақтың шектеу шаралары мен санкциялары туралы хабардарлығы мен түсінігін арттыруға мүдделі жеке сектор өкілдері;
- сауда палаталары мен бизнес-қауымдастықтар.
Қатысу форматы
Семинар гибридті форматта өткізіледі. Қатысушылар Алматы қаласында офлайн немесе Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қатыса алады. Семинар өтетін орын туралы ақпарат қатысуы расталған қатысушыларға электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Семинардың жұмыс тілдері - ағылшын және орыс тілдері.
Тіркелу
Семинарға қатысу тегін. Қатысуға мүдделі компанияларды мына сілтеме арқылы тіркелуге шақырамыз:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfQ3-tENSElTIGJth5Iseplko2ywHK6YxvuMvBVg-HZ497Akw/viewform
Тіркелудің соңғы мерзімі - 2026 жылғы 22 маусым. Қатысу туралы растау тіркелу мерзімі аяқталғаннан кейін электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Семинарға қатысты сұрақтар бойынша мына электрондық пошта мекенжайына хабарласуға болады: SanctionsKZ@istc.int