Солтүстік Македония Еуропалық оқыту қорының (ETF) 2025 жылғы Green Skills Award бас жүлдесін жеңіп алды

Малайзия айналмалы экономика саласындағы білім беру үшін марапатталды, Түркия мен Испания екінші және үшінші орындарды иеленді

Солтүстік Македонияның «Жасыл инновацияға арналған үздік бизнес-концепция» бастамасы 2025 жылғы ETF Green Skills Award бас жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Еуропалық оқыту қоры бүгін Туринде, Турин политехникалық университеті ұйымдастырған ЕО–Италия Энергетика күндері аясында хабарлады. Бастама жасыл кәсіпкерліктің білімді нақты экологиялық шешімдерге қалай айналдыра алатынын көрсетіп, жастарды нақты әсері бар идеяларды әзірлеуге, сынақтан өткізуге және ауқымын кеңейтуге ынталандырады.

Солтүстік Македония жобасы әлемнің 50-ден астам елінен түскен 250-ден аса өтінім арасынан іріктелген бес финалистің ішінде бірінші орынды иеленді. Түркия мен Испания тиісінше екінші және үшінші орындарға шықты, ал Тунис пен Қазақстан финалистер қатарына енді.

2025 жылы Еуропалық комиссияның Қоршаған орта жөніндегі бас дирекциясымен және Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметімен бірлесіп енгізілген бөлек санатта ETF Малайзиядан шыққан студенттер бастамасына #ForOurPlanet Award жүлдесін табыстады. Бұл жоба жәндіктерді пайдалану арқылы қалдықтарды қайта өңдеуге негізделген инклюзивті айналмалы экономика білімін дамытуымен танылды.

2021 жылы іске қосылған Green Skills Award айналмалы және көміртексіз экономикаларды қолдайтын инновациялық тәжірибелерді ілгерілетеді. Бес жыл ішінде байқауға 60-тан астам елден 1 350-ден астам өтінім түсіп, 57 000-нан астам қоғамдық дауыс жиналды.

«Green Skills Award тұрақты даму үшін дағдылардың жаһандық басымдыққа айналғанын дәлелдейді», – деді Еуропалық оқыту қорының директоры Пилви Торсти. – «Халықаралық жоғары қызығушылық білім мен оқытудың жасыл және энергетикалық өтпелі кезеңдегі негізгі рөлін көрсетеді. Биылғы финалистер дағдылардың амбицияны нақты әрекетке қалай айналдыра алатынын және жергілікті бастамалардың кең ауқымды шешімдер ұсына алатынын дәлелдеді. Жасыл дағдыларға инвестиция салу бәсекеге қабілеттілік пен болашақ сын-қатерлерге дайындық үшін аса маңызды».

Green Skills Award 2025 – Қорытынды рейтинг

1-орын – Солтүстік Македония. Жасыл инновацияға арналған үздік бизнес-концепция

Бұл ұзақ мерзімді ұлттық бастама орта мектеп пен жоғары оқу орындарының студенттерін және олардың оқытушыларын жасыл кәсіпкерлік арқылы экологиялық мәселелерге практикалық шешімдер әзірлеуге тартады. 18 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқан жоба жыл сайын 100-ден астам студент пен 50-ден аса оқытушыны қамтып, 35-тен астам жасыл бизнес идеяны қалыптастырады. Университеттер, кәсіби шеберлік орталықтары және ЕО қаржыландыратын бағдарламалардың қолдауымен білім мен еңбек нарығы арасындағы байланысты нығайтады.

2-орын – Түркия. Solar School Project (Анталья)

Анталья қалалық әкімдігі жетекшілік ететін, ЕО және Чанаккале университеті мен Түркияның Жұмыспен қамту агенттігі (İŞKUR) серіктес болған бұл жоба білім алмаған және жұмыссыз 18–29 жас аралығындағы жастарға бағытталған. Жоба онлайн оқытуды фотоэлектр станцияларындағы тәжірибелік дайындықпен ұштастырып, күн энергетикасы саласына жұмысқа орналасуға көмектеседі..

3-орын – Испания. POWAR STEAM (Барселона)

POWAR STEAM интерактивті STEAM құралдары арқылы қолданбалы, деректерге негізделген климаттық білім береді. Оқушылар қоршаған ортаны өлшеп, гипотезаларды тексеріп, климаттық сценарийлерді зерттей отырып, цифрлық дағдыларын, сыни ойлауын және тұрақтылық сауаттылығын дамытады.

Басқа финалистер

Қазақстан – Маңғыстау энергетикалық колледжінің жаңартылатын энергия бойынша дуальды оқыту бағдарламасы.

Маңғыстау энергетикалық колледжі жаңартылатын энергия көздері саласында болашақ мамандарды даярлайды. Теория, зертханалық тәжірибе және өндірістік тәжірибені біріктіре отырып, орнату, диагностика, техникалық қызмет көрсету және автоматтандыру дағдыларын дамытады.

Тунис – CBS Training: ауылдық әйелдерге арналған жасыл дағдылар мен кәсіпкерлік.

CBS Training Тунистің оңтүстігіндегі әйелдерді практикалық оқыту, кәсіпкерлік қолдау және тұрақты даму білімдері арқылы қолдайды. Бағдарлама әйелдердің бизнес бастауына және қоғамда өзгеріс агенті болуына ықпал етеді.

#ForOurPlanet Award жеңімпазы: Малайзия

2025 жылы  Еуропалық комиссияның Қоршаған орта жөніндегі бас дирекциясымен және Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі бірлесе тағайындаған,  #ForOurPlanet Award марапаты Малайзиядағы Секолах Индонезия Кота Кинабалу (SIKK) мектебінде жүзеге асырылған студенттер бастамасына берілді. Жоба қара сарбаз шыбынын пайдалана отырып, азық-түлік қалдықтарын компост пен мал азығына айналдырады және практикалық экологиялық білімді насихаттайды.

Green Skills Award 2026: жаңа өтінімдер қабылдануда!

2026 жылғы Green Skills Award байқауына өтінім қабылдау ресми түрде басталды. Өтінімдер ағылшын тілінде онлайн платформа арқылы қабылданады, басқа тілдердегі материалдар да қабылданада, олар бағалау үшін аударылатын болады. Бастамаларға олардың әсер, бірегейлік, аясын кеңейту мүмкіндігі және инклюзивтілігіне қарай тәуелсіз сарапшылар баға беретін болады.   

ETF Green Skills Award туралы

2021 жылы іске қосылған ETF Green Skills Award – жасыл дағдыларды дамытудағы инновациялық тәжірибелерді ілгерілететін жаһандық бастама. Ол айналмалы және көміртексіз экономикалар үшін озық тәжірибелерді таратуға бағытталған..


 

 

Өткен жылдардағы жеңімпаздар:

Өткен жылдардағы финалистердің толық тізімі көптеген елдерді қамтиды, соның ішінде: Албания (City of my DreamsShipmentt), Армения (TUMO Labs), Әзірбайжан (Inkoel), Беларусь(Volma), Бельгия (Франциямен бірлесе: Label Emmaüs), Хорватия (Армения және Түркиямн бірлесе): The Green Changemakers), Кипр(Yenesis project), Грузия (Agriculture education in schoolSustainable Development Academy K4SConstruct2), Индия (PSS Central Institute of Vocational EducationCarbon AddonsSchneider Electric), Ирландия (Fifty Shades GreenerSOLAS), Италия (Atelier Riforma), Йордания (Creating Green Land), Қазақстан (AUPET), Кения (Don Bosco Tech AfricaE-waste management), Латвия (Hemp School), Ливан (Zero Waste project), Мадагаскар (Don Bosco TVET), Малайзия (Green Putrajaya), Молдова (Training the Green Trainers), Морокко (Испаниямен бірлесе: Bouregreg Med-O-Med Gardening School by FUNCI), Нидерланд (21CC EducationBlue Hotspot Dordrecht; Чехия, Дания, Финлядния, Румыния және Испаниямен бірлесе European Platform Urban Greening); Нигерия (Operation Skill Them Up), Палестина (Gaza Training Centre), Сербия (The Green Art Incubator), Түркия (Distance Learning GateAlways fashion projectAtaturk Vocational and Technical High School), Украина (EmauProfessional Qualifications in Energy Efficiency ProjectTaras Shevchenko National University), АҚШ (Либерия, Сьерра-Леоне, Уганда және Зимбабвемен бірлесіп: WeCareSolar).

Анықтамалық ақпарат

Еуропалық оқыту қоры (ETF) – Еуропалық Одаққа көршілес елдерге білім беру, кәсіби даярлау және еңбек нарығы жүйелерін реформалауда қолдау көрсететін ЕО агенттігі.
 Дағдылар одағы (Union of Skills) мен Таза индустриялық келісімнің (Clean Industrial Deal) мақсаттарына сәйкес, ETF дағдыларды дамыту арқылы тұрақты, көміртексіз және айналмалы экономикалар мен қоғамдарға көшу үдерісін белсенді түрде ілгерілетеді.

Еуропалық Одақ (ЕО) – Еуропаның 27 елінен тұратын экономикалық және саяси одақ. Ол – адамның қадір-қасиетін құрметтеу, бостандық, демократия, теңдік, заң үстемдігі және адам құқықтары, соның ішінде азшылық өкілдерінің құқықтарын құрметтеу құндылықтарына негізделген. Қоғам, қоршаған орта және экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін әркімнің пайдасына орай  жаһандық деңгейде әрекет етеді.

Қосымша ақпарат:

Daria Santucci, +39 366 9639638, mediarelations@etf.europa.eu