Халықаралық гомофобия, бифобия және трансфобияға қарсы күнді атап өтуге арналған бірлескен мәлімдеме (IDAHoBiT)
Бүгін біз Халықаралық гомофобия, бифобия және трансфобияға қарсы күнді (IDAHoBiT) атап өтеміз. Жыл сайын осы маңызды күні біз Қазақстандағы және дүние жүзіндегі лесбияндық, гей, бисексуал, трансгендер және интерсекс (ЛГБТИ+) қауымдастықтарына қолдауымыз бен ынтымақтастығымызды білдіреміз.
Биылғы IDAHoBiT тақырыбы – «Әрқашан бірге: әртүрлілікте біртұтаспыз».
Бұл тақырып адам құқықтарының әмбебаптығына және адамның жыныстық ориентациясы, гендерлік тиесілілігі немесе таңдауы және жыныстық ерекшеліктеріне қарамастан барлық адамдардың қадір-қасиеті мен теңдігіне баса назар аударады. Өзге азаматтар сияқты, ЛГБТИ+ адамдары да құрметке, бостандыққа және қорғалуға құқылы.
Инклюзивті және әртүрлілігі бар елдер әрқашан да гүлденген, бейбіт және қауіпсіз болады. Біз Қазақстан Үкіметін өз азаматтарының ешқайсысын қалдырмауға және барлық Қазақстан халқының адам құқықтарын ілгерілету және қорғау жөніндегі міндеттемелерін орындауға шақырамыз.
Бүгін біз махаббаттың әртүрлілігін атап өтеміз. Біз күн сайын ЛГБТИ+ қауымдастықтарына қолдау көрсетуді мақтан тұтамыз. Біз - «Әрқашан бірге: әртүрлілікте біртұтаспыз».
|
Австрия Eлшілігі |
Люксембург Ұлы Герцогтігінің Елшілігі |
|
Бельгия Корольдігінің Елшілігі |
Орталық Азиядағы Нидерланды Корольдігінің Елшілігі |
|
Болгария Eлшілігі |
Португалия Eлшілігі |
|
Канада Eлшілігі |
Румыния Eлшілігі |
|
Хорватия Eлшілігі |
Испания Корольдігінің Елшілігі |
|
Чехия Eлшілігі |
Словакия Eлшілігі |
|
Эстония Eлшілігі |
Швеция Eлшілігі |
|
Финляндия Eлшілігі |
Швейцария Eлшілігі |
|
Франция Eлшілігі |
Америка Құрама Штаттарының Елшілігі |
|
Германия Eлшілігі |
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Елшілігі |
|
Грекия Республикасының Eлшілігі |
Еуропалық Одақтың Өкілдігі |
|
Италия Eлшілігі |
|
|
Литва Республикасының Елшілігі |
|