Халықаралық Гомофобия, Бифобия және Трансфобияға қарсы күрес күнін атап өтуге арналған бірлескен мәлімдеме (IDAHOBIT), 2021 жылғы 17 мамыр

17.05.2021

Халықаралық Гомофобия, Бифобия және Трансфобияға қарсы күрес күнін атап өтуге арналған бірлескен мәлімдеме (IDAHOBIT)

2021 жылғы 17 мамыр

Бүгін ерекше, үмітке толы күн. 30 жылдан астам уақыт бойы 17 мамырда біз Халықаралық Гомофобия, Бифобия және Трансфобияға қарсы күрес Күнін (IDAHOBIT) атап өтеміз. Осы күн әлемдегі миллиондаған адамдарды жыныстық бағдарына, гендерлік бірегейлігі немесе өзін-өзі көрсетуге және жыныстық сипаттамаларына қарамастан, адам құқығын мойындауды қолдау мақсатында біріктіреді.

Осы күні біз Қазақстандағы Лесбиан, Гей, Бисексуал, Трансгендер және Интерсекс (ЛГБТИ) қауымдастығына қолдауымызды атап өтіп, кемсітушіліктің барлық түрімен күресудің қажеттігі туралы еске саламыз.

Біз Қазақстан Үкіметін барлық қазақстандықтардың құқықтарын жыныстық бағдарына, гендерлік бірегейлігі немесе өзін-өзі көрсетуге және жыныстық сипаттамаларына қарамастан, қолдау және қорғау бойынша міндеттерін орындауға шақырамыз. Қазақстанда ЛГБТИ қауымдастығының мүшелері әлі күнге дейін кемсітіліп, жапа шегіп жүргеніне алаңдаушылықпен қараймыз. Біз билік өкілдерін заңнаманы және оның жүзеге асырылуын барлық деңгейде жетілдіріп, кемсітушіліктің барлық түрінен тиісті қорғауды қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды қабылдауға шақырамыз.

Қазіргі таңдағы Covid-19 індеті қоғам белсенділерінің жұмысына, сондай-ақ онлайн және офлайн қорқыту мен зомбылықтан зардап шегіп жүрген ЛГБТИ белсенділері мен олардың отбасы мүшелеріне ұзаққа созылатын кері әсерін қалдыруы мүмкін. Осы жылғы IDAHOBIT-тің – «Бірге: Қарсы тұру, Қолдау, Емдеу» басты тақырыбына қосылып, үмітке толы жолдауымызды жібереміз: сіз жалғыз емессіз, біз сіздің жағыңыздамыз.

Бүгін біз махаббаттың көптеген түрі бар екендігін атап өтеміз. Біз күн сайын адам құқықтарының әмбебаптылығын қорғауға, адамдардың ар-намысы және теңдігін қамтамасыз етуге ниеттіміз.

Embassy of Austria

Embassy of Canada

The Delegation of the European Union

Embassy of Estonia

Embassy of Finland

Embassy of France

Embassy of the Federal Republic of Germany

Embassy of Greece

Embassy of Italy

Embassy of Israel

Embassy of the Kingdom of Belgium

Embassy of the Kingdom of the Netherlands

Embassy of the Kingdom of Spain

Embassy of Portugal

Embassy of the Slovak Republic

Embassy of South Africa

Embassy of Sweden

Embassy of Switzerland

Embassy of Ukraine

Embassy of the United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland

Embassy of the United States of America