Қазақстандағы Еуропа айын атап өтуге арналған мерекелік концерт
18 мамыр жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы Еуропа айына арналған мерекелік концерт өтті. Көрнекті опера әншілері Ксения Бахритдинова-Кравчук және Теона Тодуа, дарынды пианистер - Дариус Мазинтас пен Олена Мозильдың сүйемелдеуімен еуропалық, қазақстандық және украиндық үздік музыкалық туындыларды орындады. Іс-шара Қазақстандағы Литва, Польша және Украина елшіліктерінің қолдауымен, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігімен ұйымдастырылды.
Еуропалық Одақтың негізін қалаған Шуман декларациясы 1950 жылғы 9 мамырда қабылданған болатын. Одан бері 72 жыл өтті. Екі дүниежүзілік соғыстың жойқын салдарынан кейін, Еуропаның жарқын ойлары бірлескен білім беру жүйесі мен экономикалық мүдделерді тығыз үйлестіру арқылы тарихи алауыздықтарды еңсеру жолында тамаша шығармашылық пен табандылық танытты. Еуропа күні - бірлік пен бейбітшілік мерекесі.