Қазақстанда ЕО санкциялары бойынша семинарлар өтті (2026 жылғы 30 маусым - 1 шілде)

2026 жылдың 30 маусымы мен 1 шілдесі аралығында Еуропалық Одақ (ЕО) «Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының» (ХҒТО) ұйымдастырушылық қолдауымен Қазақстанда ЕО санкциялары бойынша оқыту семинарларын өткізді.

Семинарлардың негізгі мақсаты – ЕО санкциялары және оларды қолдану тәртібі туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ осы шараларды ықтимал айналып өтудің алдын алу.

Бірінші күні Астанада өткен кездесуге үкімет өкілдері қатысты. Екінші күні Алматыда өткен семинар ЕО санкциялары туралы білімдерін тереңдетуге мүдделі қазақстандық жекеменшік операторларға арналды.

Презентациялар мен интерактивті сұрақ-жауап сессияларынан құралған оқу семинарларын ЕО өкілдері мен санкциялар жөніндегі сарапшылар тобы жүргізді.