Қазақстанда “КИБЕР ТҰМАР” – балаларды цифрлық ортада қорғайық атты ақпараттық-білім беру науқаны басталды
АСТАНА, 2024ж. 6 ақпан. “КИБЕР ТҰМАР” ақпараттық-білім беру науқаны Халықаралық қауіпсіз интернет күні басталды. Бүгінгі күнгі жаһандық мақсат – цифрлық технологияларды әсіресе ең жас пайдаланушылар - балалар мен жасөспірімдердің жауапкершілікпен, қауіпсіз және нәтижелі пайдалануына назар аударту.
“КИБЕР ТҰМАР” – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, ЮНИСЕФ Қазақстан және Еуропа Одағының қолдауымен құрылған Қазақстандағы ақпараттық-білім беру науқаны. Peremena.media - “КИБЕР ТҰМАР” ақпараттық науқанының медиалық серіктесі.
“КИБЕР ТҰМАР” міндеті – балаларға интернетте қауіпсіз пайдаланушылық тәжірибені қалыптастыруға және мұндай мүмкін тәуекелдерді еңсеруге үйрету.
“КИБЕР ТҰМАР” – киберкеңістікте қауіпсіз бағыт-бағдар тауып отыруға көмектесетін ақпараттық құралдар жиыны. Оған осы мәселеге назар аудартуға арналған әлеуметтік плакаттар, түрлі қауіп-қатерлер кезіндегі базалық алгоритмдерді қамтыған ақпараттық плакаттар, сарапшылардың практикалық кеңестері берілген материалдар, білім беру роликтері және т.б. кіреді.
Насымжан Оспанова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрайымы былай деп атап кетті: “Интернет – бұл қазіргі кезде тек ақпарат құралы ғана емес, сонымен бірге коммуникация құралы болып табылады. Сол себептен адамды мұндай ақпарат және коммуникация құралдарының әлеуетті мүмкіндіктерін барынша саналы, пайдамен және зияны тимейтіндей етіп қалай қолдану керектігін жас кезінен үйрету керек. «КИБЕР ТҰМАР» ақпараттық-білім беру науқанын өткізу - балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін, ата-ананың баланың онлайн ортада ақпаратты таңдауға деген «иммунитетін» қалыптастыру бойынша жауапкершілігін күшейтуге көмектесетін маңызды және заманауи шара болып табылады.”
Кестутис Янкаускас, Еуропа Одағының Қазақстандағы Елшісі: «Интернет күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды және, әлбетте, балаларымыз үшін одан да маңызды элементке айналмақ. Ата-ана ретінде біз балаларымыздың түрлі салаларда – мектепте, көшеде, және әлбетте, Интернет әлемінде қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыруға тырысамыз. Біз шарамыздың ата-аналардың да, балалардың да хабардар болу деңгейін арттыруға көмектесетініне сенеміз. Бірлескен әрекеттерімізбен біз барлық балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы онлайн-кеңістік құра аламыз».
БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілінің м.а. Летисия Баззи-Вейл былай деп атап өтті: “Біз “КИБЕР ТҰМАР”-дың қазақстандық балаларды желідегі қауіп-қатерлерден қорғау символына айналатынына сенеміз. Әр бала өзінің нақты қадамдарымен бірге алғашқы виртуалды қадамдарын жасайды. Және оған цифрлық кеңістікте қауіпсіз өсуге көмектесетін қорғанысты неғүрлым ерте бастан берген өте маңызды. КИБЕР ТҰМАР балаларды интернеттегі жағымсыз байланыстан, контенттен және іс-әрекеттен жақсырақ қорғауға ықпал етеді. Балаларымыздың өз КИБЕР ТҰМАРЫ болса, онлайн тілдесу, ойындар, оқу олардың мүмкіндіктерін кеңейте алады”.
Аталған шара фокусталатын негізгі онлайн қауіп-қатерлер: кибербуллинг, балалардың интернетте сексуалды сипаттағы қудалануы, балаларға арналған қаламайтын және тыйым салынған контент, балалар қауіпсіздігі мен құпиялылығының цифрлық тәуекелдері, балалар интернет-тәуелділігі және т.б. Тақырыптық әлеуметтік плакаттардың топтамасы заманауи қоғам үшін маңызды шараға бастау болды. Бұл бәрімізге балалардың қандай онлайн қауіп-қатерге ұшырауы мүмкін екенін және олармен қалай күресуге болатынын көрсететін алғашқы плакаттар.
Редакторларға арналған қосымша ақпарат:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ Комитеттің құзырлығы шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.
Комитеттің қызметі туралы толық ақпарат сайтта берілген.
Еуропалық Одақ (ЕО) туралы
Бұл 27 еуропалық елдің экономикалық және саяси одағы. Ол адамның ар-намысын, еркіндікті, демократияны, теңдікті, заңның ұлықтылығын және адамның құқықтарын, соның ішінде азшылықтарға жататын тұлғалардың құқықтарын құрметтеу құндылықтарына негізделген. Ол әркімнің игілігі үшін қоғамның, қоршаған ортаның және экономиканың тұрақты дамуын ілгерілету мақсатында жаһандық деңгейде әрекет етеді.
ЕО-ның Қазақстандағы қызметі туралы толық ақпарат сайтта берілген.
Instagram, Facebook, Twitter, Telegram және LinkedIn әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымызға жазылыңыз.
ЮНИСЕФ ЖАЙЛЫ
ЮНИСЕФ өзінің қызметін әр баланың құқықтары мен амандығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. Өз серіктестерімен бірлескен түрде ЮНИСЕФ ең аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына ерекше назар аударумен, әлемнің 190 елі мен аймағында, оның кез келген түкпіріндегі балалардың игілігі үшін өз міндеттерін іске асыру мақсатында әрекет етеді.
ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы толық ақпаратты https://www.unicef.org/kazakhstan/ сайтынан оқыңыз. Instagram, Facebook и Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымызға жазылыңыз.
PEREMENA.MEDIA ЖАЙЛЫ
Peremena.media – бұл Қазақстандағы ата-аналар мен мұғалімдерге арналған балаларды тәрбиелеу мен білім берудегі трендтер туралы алғашқы медиа. Instagram-дағы парақшамызға жазылыңыз
CONTACT DETAILS
Қосымша ақпарат алу үшін
ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілдігінің қызметкері Эльвира Яушеваға +7 778 021 19 12 телефоны, eyausheva@unicef.org эл. поштасы арқылы хабарласыңыз.“КИБЕР ТҰМАР” плакаттарын сілтеме бойынша жүктеу