Қазақстан Еуропалық Одақ пен ХСО қолдауымен сауданың цифрлық интеграциясын ілгерілетуде: CART.IS талдауы даму жолдарын анықтайды

Remote video URL

Қазақстан CART.IS (Ақпараттық жүйелер мен ведомствоаралық ақпарат алмасу ағындарын картаға түсіру) талдау нәтижелерін ұсына отырып, неғұрлым цифрлық және өзара байланысты сауда ортасын қамтамасыз етуге қадам жасауда. Астанада өткен іс-шараға Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, «QazTrade» АҚ, CART.IS талдауына қатысатын басқа да бірқатар мемлекеттік органдар мен негізгі серіктестердің, сондай-ақ Еуропалық Одақ пен Халықаралық сауда орталығының (ХСО) өкілдері қатысты. Қатысушылар сауда рәсімдерін цифрландыру саласындағы ілгерілеуді талқылап, ведомствоаралық және трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келесі қадамдарды айқындады.

Талдау көрсеткендей, елеулі жетістіктерге қарамастан, сыртқы саудаға байланысты қызметтердің 60% -ы әлі де трансшекаралық интеграцияны талап етеді, ал электрондық қызметтердің 52% -ы ведомствоаралық электрондық өзара әрекеттестіктің ұлттық жүйесіне қосылмаған.

«Сауда рәсімдерін одан әрі жеңілдету тек цифрландыруды ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдар жүйелерінің архитектуралық үйлесімділігін қамтамасыз етуді де талап етеді. Ведомствоаралық электрондық өзара әрекеттесу жүйесі арқылы бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру құжаттармен емес, нақты уақытта деректермен алмасу үшін мүмкіндіктер ашып, бизнес үшін нормаларға сәйкестікті қамтамасыз ету ауыртпалығын азайтады және қазақстандық экспорттаушылардың халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады», - деп мәлімдеді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков.

«Қазақстан өңірде цифрлық трансформация саласындағы елеулі жетістіктерімен танымал және Еуропалық Одақтың қағазсыз сауда мен электрондық үкіметті ілгерілету жөніндегі стратегиялық серіктесі болып табылады. Бұл жетістіктер өңірлік интеграцияны тереңдетуге және Еуропа нарықтарымен экономикалық байланыстарды нығайтуға берік негіз қалайды», - деп атап өтті Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алешка Симкич. 

Зерттеу, сондай-ақ, сауда процестеріне қатысатын 12 мекеменің тек 5-інде ғана өз цифрландыру департаменттері бар екенін анықтады, бұл институционалдық әлеуетті нығайту мен үйлестірудің маңыздылығын көрсетеді.

«Цифрландыру және орта мерзімді перспективада толығымен қағазсыз саудаға көшу қазақстандық кәсіпкерлер үшін шығындарды азайту арқылы Қазақстанның тауар айналымын жыл сайын 10-15% -ға арттырады», - деп атап өтті «QazTrade» АҚ бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров.

Бағалау Еуропалық Одақ қаржыландыратын және ХСО жүзеге асыратын «Ready4Trade: Транскаспий көлік дәлізі арқылы өркендеу жолы» жобасының аясында жүргізілді. Жоба сауда рәсімдерін жаңғыртуға, аймақтық өзара байланысты нығайтуға және инклюзивті экономикалық өсуге септігін тигізеді. 

«Жүйелі тәсілді қолданғанда ғана цифрландыру тиімді нәтиже береді. Түрлі мекемелерді, деректер ағынын және шекара қызметтерін бағалай отырып, CART.IS цифрлық реформалардың елдің сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша кең ауқымды күн тәртібімен үйлестігін, үйлесімділігін және сәйкестігін қамтамасыз етуге көмектеседі», - деп қорытындылады ХСО-ның сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша жобасының менеджері Аделина Харунжен.

ХСО әзірлеген CART.IS әдіснамасы үкіметтерге трансшекаралық сауда үшін өздерінің цифрлық экожүйелерін бағалауға және үйлестіруге көмектеседі. ХСО-ның техникалық қолдауымен ол Орталық Азияда цифрлық сауда саласындағы аймақтық ынтымақтастықты дамыту үшін нақты деректер негізінде жоспарлауға жәнесалыстырмалы деректерді құруға мүмкіндік береді.

РЕДАКТОРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР

«Ready4Trade: Транскаспий көлік дәлізі арқылы өркендеу жолы» жобасы туралы. 

Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландыратын бұл төрт жылдық техникалық көмек жобасы Транскаспий көлік дәлізінің операциялық тиімділігін арттыру және Орталық Азия елдеріндегі бизнестің халықаралық деңгейге көтерілуін қолдау арқылы ЕО-тың Орталық Азиямен байланысты нығайту күн тәртібін ілгерілетуге бағытталған.

Бұған келесі іс-әрекеттер арқылы қол жеткізілетін болды: сауда мен тұрақты инвестицияларды ынталандыру мақсатында шекарааралық рәсімділіктерді жеңілдету; сауда және көлік байланыстарын нығайту үшін аймақтық үйлестіруді жақсарту; аймақтық және ЕО нарықтарына шығуларын жеңілдету, соның ішінде Транскаспий көлік дәлізінің әлеуетін пайдалану арқылы микро, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Еуропалық Одақ қаржыландыратын бұл жоба ЕО-тың «Орталық Азиядағы өркендеу» атты бағдарламасының бір бөлігі болып,  «Ready4Trade Орталық Азия» (2020–2024 жж.) жобасының нәтижелеріне негізделеді. 

Халықаралық сауда орталығы туралы

ХСО — Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Біріккен ұлттар ұйымының бірлескен агенттігі. ХСО дамушы және өтпелі экономикалардағы шағын және орта кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, оларға жаһандық нарықтарда бәсекеге барынша қабілетті болуға көмектеседі. Бұл «Сауда мақсатындағы көмек» бастамасы және БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары шеңберіндегі орнықты экономикалық дамуға ықпал етеді.

Еуропалық Одақ туралы

Еуропалық Одақ – Еуропаның 27 елінен тұратын экономикалық және саяси одақ. Ол – адамның қадір-қасиетін құрметтеу, бостандық, демократия, теңдік, заң үстемдігі және адам құқықтары, соның ішінде азшылық өкілдерінің құқықтарын құрметтеу құндылықтарына негізделген. Қоғам, қоршаған орта және экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін әркімнің пайдасына орай  жаһандық деңгейде әрекет етеді.

БАҚ өкілдері үшін байланыс деректері: 

Мадина Исказина, Қазақстандағы ХСО коммуникация жөніндегі консультанты 

Эл. пошта: miskazina@intracen.org

Тел.: +7705 377 3535