Қазақстан: Жоғарғы Өкілдің Еуропалық Одақ атынан ағымдағы жағдай бойынша мәлімдемесі
Қазақстан: Жоғарғы Өкілдің Еуропалық Одақ атынан ағымдағы жағдай бойынша мәлімдемесі
Біз Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған Еуропалық Одақтың әрі өңірдегі тұрақтылықтың маңызды серіктесі болып табылатын Қазақстандағы бейбіт шерудің арты зорлық-зомбылыққа ұласқан жағдайға алаңдатушылық білдіреміз.
Біз адамдардың қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, кең ауқымды зорлық-зомбылықты қатаң айыптаймыз. Жағдайдың әрі қарай өршуінің алдын алу, зорлық-зомбылыққа шақырудың кез келген түрінің таралуын болдырмау, әрдайым ұстамдылық таныту және тәртіпсіздіктерді басқа мақсатта пайдалануға жол бермеу маңызды.
Біз дағдарысты бейбіт жолмен шешуге көмектесуге дайынбыз. Сыртқы әскери қолдау Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін, сондай-ақ барлық азаматтардың негізгі құқықтарын құрметтеуі тиіс.
Біз Қазақстан билігін осы қиын кезеңде өз міндеттемелерін орындауға шақырамыз, соның ішінде адам құқықтары мен өз азаматтарының негізгі бостандықтарын құрметтеу, атап айтқанда, жиналыстар бостандығы, сөз бостандығы және БАҚ бостандығы.