Қазақстан 2028 жылға қарай май өнеркәсібі өнімдерінің экспортын 1 млрд АҚШ долларына ұлғайтуға ұмтылуда
Жол картасы Еуропалық одақ қаржыландыратын «Ready4Trade Орталық Азия: Транскаспий көлік дәлізі арқылы өркендеуге жол» жобасы аясында Халықаралық сауда орталығының (ХСО) үдерістері, әдіснамасы және техникалық қолдауын пайдалана отырып, Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы мен «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бірлесе әзірленген. Бұл жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу үлесін 70%-ға дейін ұлғайту, импортқа тәуелділікті төмендету, дайын өнім экспортын дамыту және ішкі бағаларды тұрақтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған.
Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің Ынтымақтастық жөніндегі басшысы доктор Йоханнес Бауэр атап өткендей: «Бүгінгі іс-шара маңызды кезеңді білдіреді. Соңғы бір жыл ішінде Қазақстанның мемлекеттік институттары, жеке сектор өкілдері және ITC сарапшылары салалық диагностиканы, компаниялар арасында сауалнаманы және бірнеше кеңес беру кезеңдерін өткізді. Соның нәтижесінде бүгін біз валидациядан өткізіп отырған, бірлескен әрі негізделген Жол картасы әзірленді. Бұл Жол картасы, ең алдымен, ұлттық құжат болып табылады — ол Қазақстан тарапынан әзірленіп, қалыптастырылған және соған тиесілі. Ал Еуропалық Одақ ITC-мен бірге бұл процесті қолдағанын мақтан етеді».
Экспорт жол картасы алдағы үш жылға арналған саланы дамыту бойынша шаралар кешенін
айқындайды: шикізат тапшылығын жою, агротехнологияларды енгізу, логистикалық мәселелерді шешу, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қаржы құралдары арқылы фермерлер мен өңдеушілер үшін қолайлы жағдайлар жасау. Мақсатқа жетудің негізгі факторларының бірі ретінде егіс алқаптарын жеделдетіп әртараптандыру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін майлы дақылдарды қабылдау және сақтау жөніндегі инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бүгінгі таңда отандық май өнеркәсібі үлкен әлеуетке ие едауір өзгерістердің алдында тұр. Қазақстан әлемдік ауыл шаруашылығы тауарларының нынарығында өз позициясын белсенді түрде нығайтып келеді — еліміз күнбағыс майының әлемдік ТОП-10 экспорттаушысының қатарына, сондай-ақ күнбағыс күнжарасының Еуропалық одаққа жеткізуші ТОП-3 елінің қатарына кіреді. Сонымен бірге, қазақстандық май өнімдері әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады. Жол картасын әзірлеуге мемлекеттік органдардың өкілдері (Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және басқалар), бизнес қауымдастықтары (Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы, Қазақстан тұқым өндірушілер қауымдастығы), сондай-ақ халықаралық серіктестер — Еуропалық одақ пен Халықаралық сауда орталығының өкілдері атсалысты.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Жол картасында көзделген іс-шараларды іске асыру үшін мемлекеттік-жекеменшік платформа құру жоспарланған.
РЕДАКТОРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР
«Ready4Trade Орталық Азия: Транскаспий көлік дәлізі арқылы өркендеуге жол» жобасы туралы
Еуропалық одақ (ЕО) қаржыландыратын бұл төрт жылдық техникалық қолдау жобасы Транскаспий көлік дәлізінің операциялық тиімділігін арттыру және Орталық Азия елдеріндегі бизнес өкілдерінің халықаралық нарықтарға шығуын қолдау арқылы ЕО-ның Орталық Азиямен байланыстарды нығайту жөніндегі күн тәртібін ілгерілетуге бағытталған. Бұл мақсатқа қол жеткізу сауданы және тұрақты инвестицияларды ынталандыру үшін трансшекаралық рәсімдерді жеңілдету; сауда және көлік байланыстарын нығайту үшін өңірлік
үйлестіруді жақсарту; сондай-ақ Транскаспий көлік дәлізінің әлеуетін пайдалану арқылы олардың өңірлік және ЕО нарықтарына шығуын жеңілдету мақсатында микро, шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолымен іске асырылады.
Жоба ЕО-ның «Орталық Азиядағы өркендеу» бағдарламасының бөлігі болып табылады және
Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Ready4Trade Орталық Азия» (2020-2024) жобасының
нәтижелеріне сүйенеді.
Халықаралық сауда орталығы туралы (ХСО)
Халықаралық сауда орталығы (ХСО) — Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының бірлескен агенттігі. ХСО дамушы және көшу кезеңіндегі экономикалы елдердегі шағын және орта кәсіпорындарға жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті болуы үшін қолдау көрсетеді. Бұл «Сауда мақсатындағы көмек» бастамасы және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары аясында тұрақты экономикалық дамуға ықпал етеді. www.intracen.org.
Еуропалық Одақ туралы
Еуропалық одақ — 27 Еуропа елінің экономикалық және саяси бірлестігі. Оның негізін адам қадір-қасиетіне, бостандыққа, демократияға, теңдікке, құқық үстемдігіне және азшылық өкілдерінің құқықтарын қоса алғанда адам құқықтарын сақтауға деген құрмет құрайды. ЕО жаһандық деңгейде қоғамдардың, қоршаған ортаның және экономиканың тұрақты дамуын қолдайды, осылайша әрбір адам одан пайда көре алады.
CONTACT DETAILS
БАҚ үшін байланыстар:
Мадина Исказина, Қазақстандағы ХСО коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі
Эл. пошта: miskazina@intracen.org
Тел.: +7705 377 3535