Өзгеріс көшбасшылары: коммуникациялық кампанияларды бастау рәсімі
«Еркіндік Қанаты» (Қазақстан) және «Free Press for Eastern Europe» (Чехия) қоғамдық қорлары (Чехия) Еуропалық Одақ қаржыландыратын қазақстандық құқық қорғаушылар мен белсенділерге арналған «Өзгеріс көшбасшылары» жобасының екінші жылы басталғанын хабарлайды. Жобаның мақсаты – құқық қорғау ұйымдарының әлеуметтік желілердегі қатысуын нығайтуға және халық арасында танымал әрі ықпалды болуға көмектесу.
Құқық қорғаушыларды, белсенділерді, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдерін 21 мамыр күні сағат 11:00-де елорда уақытымен өтетін жобаның екінші жылының оффлайн ашылуына (басқа қалаларға Zoom қарастырылған) қатысуға шақырамыз. Отырыс тәртібінде келесі тақырыптар талқыланады:
- Жобаның бірінші жылының нәтижелері;
- Жобаның бірінші жылы өткен адам құқықтары жөніндегі ақпараттық науқандардың нәтижелері;
- Алдағы адам құқықтары жөніндегі науқандарға арналған бейне түсіру мектебі және цифрлық қауіпсіздік бойынша онлайн тренингтер;
- Әлеуметтік желілерде құқық қорғаушылардың қызметін насихаттаудың маңыздылығы.
Іс-шараға «Еркіндік Қанаты» және «Free Press for Eastern Europe», жобаның бірінші жылының түлектері, ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғаушылар, белсенділер және азаматтық қоғам өкілдері қатысады.
Қосымша ақпарат алу үшін «Еркіндік қанаты» ҚҚ жоба үйлестірушісі Дана Буралкиеваға 8 776 330 07 05 телефон нөмірі, erkindikkanaty@gmail.com поштасы арқылы және ЕО Өкілдігінің коммуникациялар бойынша басқарушысы Эльнура Абакановаға +7 (7172) 97 45 67 нөмірі немесе Elnura.ABAKANOVA@eeas.europa.eu хабарласыңыз.