Есіл жағалауынан — жаһандық әрекетке: Астана еріктілері #WorldCleanupDay және #EUBeachCleanup науқандарына қатысты!
Іс-шара барысында Қазақстандағы ЕО Елшісі Алешка Симкич ханым қатысушылар алдында сөз сөйледі: «Қоршаған ортаға қамқорлық өз үйіміз деп санайтын жерден басталады. Бүгін Еуропалық Одақ Өкілдігі мен Эстония Елшілігі Астанада #EUBeachCleanup науқанын өткізіп, жаһандық бастаманы жергілікті деңгейдегі нақты іске айналдырып отырғанына қуаныштымыз. Қазақстандық серіктестерімізбен және жүздеген қатысушылармен бірге біз әр адамның үлесі маңызды екенін және әрқайсымыз оң өзгеріске өз үлесімізді қоса алатынымызды көрсетіп отырмыз. Қазақстан өзінің көркем әрі алғашқы қалпын сақтаған табиғатымен мақтана алады. Оны таза күйінде сақтау, айналамызға қоқыс қалдырмау – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Бүгінгі науқан көпшілікке үлгі болып, одан да көп адамды таза әрі салауатты қоршаған ортаны қалыптастыруға атсалысуға шабыттандырады деп сенемін».
Іс-шара бағдарламасы жағалауды тазартумен ғана шектелмей, экологиялық өмір салтын насихаттайтын практикалық және интерактивті шараларды да қамтыды. Likekomek-пен серіктестікте қажетсіз киімді брендтік сыйлықтарға айырбастау бастамасы ұйымдастырылды. ECONetwork арнайы Green Point эко-аймағын ұйымдастырып, онда қатысушылар қайта өңделген пластиктен жасалған өнімдермен танысып, түрлі интерактивті іс-шараларға қатысып, қалдықтарды дұрыс сұрыптау және оларға жауапкершілікпен қарау туралы пайдалы ақпарат алды.
«2008 жылы Эстонияда бастау алып, бүгінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамды біріктіретін жаһандық қозғалысқа айналған Дүниежүзілік тазалық күнінің Қазақстанда да кең қолдау тапқаны мені ерекше қуантады. Дүниежүзілік тазалық күні — бұл жай ғана қоқыс жинау емес. Бұл — адамдардың өздері өмір сүретін ортаға жауапкершілікпен қарауы. Ол экологиялық мәселелердің шекарамен шектелмейтінін және оларды шешу үшін жергілікті деңгейдегі іс-қимылмен қатар халықаралық ынтымақтастықтың да маңызды екенін көрсетеді. Бұл күн сондай-ақ ортақ күш-жігеріміздің планетаны қорғауға нақты үлес қоса алатынын еске салады», деп атап өтті Эстонияның Қазақстандағы Елшісі Марье Лууп ханым.
EUDEL KZ
Іс-шара қарсаңында #EUKZWalkingChallenge бастамасы да іске қосылды. Оның мақсаты – Қазақстан тұрғындарын күнделікті дене белсенділігін экологиялық саналы өмір салтымен ұштастыруға және таза әрі салауатты болашаққа қарай қадам жасауға ынталандыру.
Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі мен Эстония Елшілігі World Cleanup Day және #EUBeachCleanup науқандарына қатысқан барлық серіктестер мен қатысушыларға шексіз алғысын білдіреді!
Анықтама:
World Clean-up Day - миллиондаған еріктілер, үкіметтер мен ұйымдарды біріктіретін ең үлкен жаһандық қозғалыстардың бірі. 2025 жылы World Cleanup Day 190 ел мен аумақта миллиондаған адамды біріктірді. 2024 жылдан бастап World Clean-up Day БҰҰ-ның ресми күні болып жарияланды, енді жыл сайын 20 қыркүйекте өткізіліп, халықаралық күндер мен апталардың күнтізбесіне енгізілді. Әлемді өзгертетін бұл идея 2008 жылы Эстонияда пайда болды.
#EUBeachCleanup - бұл бүкіл әлемде пластиктің ластануы туралы хабардарлықты арттыру үшін ЕО мен БҰҰ бастаған неғұрлым мақсатты жаһандық науқаны. Аталмыш науқан аясында 2025 жылы 32 елде 9 000 еріктінің қатысуымен 228 тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды, соның ішіне Қазақстан да қатысты.
#EUKZWalkingChallenge #EUBeachCleanup2026 #WorldCleanupDay2026 #EU4GreenKZ #ActNow