Орталық Азияның кеден қызметтері Нидерландтың жасанды интеллектіні қолдану тәжірибесін зерделеді

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның кеден қызметтерінің өкілдері кедендік әкімшілендіруде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесін танысуға арналған сапарға қатысты. Сапар Еуропалық Одақтың, Германия және Франция үкіметтерінің бірлесіп қаржыландыруымен GIZ және Expertise France жүзеге асырып жатқан «Транскаспий көлік дәлізінің әлеуетін дамыту» өңірлік бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.


Сапардың мақсаты – жасанды интеллектіні енгізу, кедендік рәсімдерді автоматтандыру және деректер негізінде тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша қолданбалы шешімдерді зерделеу.

Сапар аясында қатысушылар төмендегі ұйымдар мен нысандарда болды:

  • Codici компаниясы – тауарларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) кодтары бойынша автоматты түрде жіктеу және кедендік ресімдеуді қолдау үшін жасанды интеллектіні қолдану тәжірибесімен танысты.

  • Нидерландтың Кеден әкімшілігі – цифрлық стратегия, тәуекелдерді басқару, деректерді пайдалану және кедендік бақылауды жүзеге асырудың инновациялық тәсілдері талқыланды.

  • Роттердам порты – контейнерлерді сканерлеудің заманауи жүйелерінің, инспекция терминалының және практикалық оқыту орталығының жұмысымен танысты.

  • Делфт технологиялық университеті (TU Delft) – деректер алмасу, сауда дәліздерінің қауіпсіздігі, тасымал тізбектерінің ашықтығы және «жасыл» кеден саласындағы зерттеулер қарастырылды.

Кездесулер барысында Орталық Азияның бес елінің өкілдері өзара тәжірибе алмасып, цифрландыру саласындағы елдерінің басымдығын таныстырды және айтылған шешімдерді өз елдерінің кеден қызметтерінде қолдану мүмкіндіктерін талқылады.