SMM JAZz: құқық қорғаушылар мен белсенділерге арналған әлеуметтік желілердегі маркетинг курсы

«Еркіндік Қанаты» қоғамдық қоры (Қазақстан) мен чехиялық Free Press for Eastern Europe қоғамдық қоры бірлесіп, Қазақстанның көпшілік алаңдарда әлем мен қоғамды өзгертіп жүргендер үшін SMM JAZz әлеуметтік желілердегі маркетинг курсын бастады. Курс Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Өзгеріс көшбасшылары» жобасының аясында өтті. Жобаның мақсаты - құқық қорғаушы ұйымдар мен бастамаларға әлеуметтік желілердегі қатысуларын нығайтуға және көпшілік арасында ықпалды болуға көмектесу.
Курс Алматы қаласында, 2021 жылдың 29 маусым мен 3 шілде аралығында өтті. Оған 7 қаладан, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавл, Семей, Павлодар, Шымкент және Ақтөбе қалаларынан 18 құқық қорғаушылар мен белсенділер қатысты. Бірінші күні курс қатысушылары құқық қорғаушы Татьяна Чернобильден адам құқықтарына кіріспе тренингін алды. Курстың қалған бағдарламасы әлеуметтік желіде жұмыс істеу дағдыларын дамытуға арналды.
Курс тренерлері Злата Понировская мен Катерина Авдеевамен бірге қатысушылар өздерінің мақсатты аудиторияларын анықтап, қолданушы портреттерін жасауды, әрі әлеуметтік желілердегі жұмыстарын талдауды және коммуникациялық стратегия құруды үйренді. Қорытындылай келе, оқыту нәтижелеріне сүйене отырып, қатысушылар өздерінің ақпараттық кампанияларының шағын жобаларын ұсынды.
Қосымша ақпарат алу үшін «Еркіндік Қанаты» ҚҚ-ның жоба үйлестірушісі Дана Буралкиеваға 8 776 330 07 05 нөмірі, erkindikkanaty@gmail.com поштасы арқылы және ЕО Өкілдігінің Коммуникация бойынша басқарушысы Эльнура Абакановаға +7 (7172) 97 45 67 нөмірі немесе elnura.abakanova@eeas.europa.eu поштасы арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.