Халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні – Жоғарғы Өкіл/Вице-президент Жозеп Борреллдың мәлімдемесі

26.06.2023 EEAS Press Team

«Ешкім азаптауға немесе қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекетке немесе жазалауға ұшырамауы тиіс»

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 5-бабына сәйкес азаптауға сөзсіз тыйым салынғанына қарамастан, дүние жүзінде мыңдаған адамдар азаптау мен басқа да қатыгездікпен бетпе-бет келіп отыр.

ЕО Ресейдің Украинаға қарсы заңсыз басқыншылық соғысын, азаптау, сотсыз өлтіру және басқа да көптеген зорлық-зомбылық әрекеттерін айыптайды. Сондай-ақ, ЕО Беларусь не Иранда болсын, немесе Судан, Йемен, Сирия және Мьянма сияқты қақтығыс аймақтарында саяси және әскери тұтқындарға, бейбіт тұрғындарға көрсетілетін қатыгездік пен олардың азапталуын, қамаудағы қорқынышты жағдайларын да айыптайды. Барлық кінәлілер жауапқа тартылуы керек.

Халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күнінде ЕО азаптау құрбандарын құрметтеп, еске алады. Сонымен қатар, ЕО өз аумығанда және одан тыс жерлерде азаптауды жою және барлық құрбандар мен азаптаудан аман қалғандар үшін әділеттілікті қамтамасыз ету мен оларды оңалту үшін тынымсыз жұмыс істеуге бейілділігін растайды.

Біз саяси бейілділік пен берік серіктестік алдағы онжылдықта өзгерістерге әкелетініне сенімдіміз.

ЕО Азаптауға қарсы конвенция мен оған Факультативтік хаттаманы әлі ратификацияламаған мемлекеттерді бірінші кезекте сол құжаттарды қабылдауға шақырады. Барлық мемлекет кез келген азаптау әрекеті орын алған жағдайда сол әрекеттің дереу тергелуін, тиісті түрде құжатталуын, кінәлілердің батыл түрде қудаланып, жазалануын қамтамасыз етуі керек. Біз барлық елді азаптаудың алдын алуға бағытталған инвестиция көлемін ұлғайтуға шақыра отырып, үкіметтерге адамдарды азаптаудан басқа мақсатқа қызмет етпейтін тауарлар саудасын тоқтату жолында Азаптау үшін пайдаланылатын тауарларға орын жоқ жаһандық сауда альянсына қосылуды ұсынамыз (Global Alliance for Torture-Free Trade).

Биыл ЕО азаматтық қоғам ұйымдарының консорциумымен күш біріктіріп, 100-ден астам елде өзгерістер енгізу үшін «Азаптауға қарсы біргеміз» атты жаңа бастаманы қолға алуда. Серіктестіктің бұл жаңа үлгісі бізге стратегиялық инвестициялар арқылы заң жүзінде де, іс жүзінде де азаптауға толық тыйым салуды қолдайтын айқын саяси ұстанымымыздың тірегі бола тұрып, жергілікті жерде өзгеріс жасауға мүмкіндік береді. Осы бастама арқылы ЕО қаражатын алдын алу мен қорғаудан бастап әділ сот, залалды өтеу мен оңалтуға дейінгі азаптаумен күресу бойынша барлық шараларды қамтуға бағыттап, қазіргі таңда азаматтарды алаңдатып отырған күш қолдану мен қатыгездік арасындағы байланысты зерттейді.

Бұл бастаманың аясында азаптау құрбандары мен одан аман қалғандар азаптаудан азат болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекетіміздің негізі болып табылады.

Nabila Massrali
Spokesperson for Foreign Affairs and Security Policy
+32 (0) 2 29 88093
+32 (0) 460 79 52 44
Zoi Muletier
Press Officer for Neighbourhood and Enlargement/Foreign Affairs and Security Policy
+32 (0)2 29-94306
+32 (0)460794306