Қазақстан: Парламенттік сайлау нәтижелері бойынша ресми өкілдің мәлімдемесі

26.08.2026 EEAS Press Team

Еуропалық Одақ 2026 жылдың 23 тамызында Қазақстанда өткен парламенттік сайлаудың алдын ала нәтижелерін назарға алады.
Соңғы бірнеше айда Қазақстанда саяси жүйенің ауқымды реформасы жүзеге асырылды: 2026 жылғы наурызда референдум арқылы жаңа Конституция қабылданып, бір палаталы Парламент (Құрылтай) енгізілді.
ЕО сайлауды жариялау мен оны ұйымдастыру арасындағы қысқа мерзімге қарамастан, Қазақстан билігінің осы сайлауды дайындығы жағынан да, тәртіпке сай болуы жағынан да лайықты деңгейде өткізу бойынша күш-жігерін мойындайды және саяси партиялар мен азаматтардың сайлау процесіне қатысуын құптайды.
ЕО ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлаудың саяси және БАҚ плюрализмі аз ортада, сондай-ақ халықаралық демократиялық сайлау стандарттарына сәйкес келмейтін құқықтық шеңберде, соның ішінде қоғамдық консультациялардың шектеулі мүмкіндігі жағдайында өткенін көрсететін алдын ала қорытындыларын назарға алады. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлау күні дауыс санау және байқалған сайлаушылар белсенділігі мен хабарланған дауыс беру көрсеткіштері арасындағы сәйкессіздік сияқты рәсімдік бұзушылықтарды ескерді.
ЕО Қазақстанды демократиялық реформалар бойынша жұмысын жалғастыруға шақырып, адам құқықтары, заң үстемдігі мен демократиялық басқару сияқты салаларды қамтитын Қазақстанның реформалар күн тәртібін қолдауға деген бейілділігін растайды. Біз ортақ құндылықтар мен өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестігімізді одан әрі нығайту мақсатында Қазақстанмен ынтымақтастығымызды жалғастыруға дайынбыз.