THIS CONTENT HAS BEEN ARCHIVED

Астанада Еуропалық Одақтың қолдауымен «Қосшыдағы пікір алмасу - Дискуссии в Косшы» атты алғашқы криминологиялық форум өтті

09.10.2016
Teaser

АСТАНА – 2016 жылдың 9 қарашада Бас прокуратурада Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» жобасының қолдауымен «Қосшыдағы пікір алмасу - Дискуссии в Косшы» атты алғашқы криминологиялық Форумның отырысы өтті.

Main Image
Text

Форумның мақсаты қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы қолданудың даулы мәселелерін қоғамдық талқылауға арналған тұрақты алаңына айналу. Нақ осында ғалымдардың, азаматтық қоғам өкілдері мен құқық қорғаушылардың пікірлері жинақталатын болады. Форумның бірінші отырысы Қазақстанда қылмыстық айыппұлдар тағайындау, оларды орындау мәселелері және осы институтты жетілдірудің проблемалары талқыланды.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов, ҚР Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов, халықаралық сарапшысы Кир Хопли, Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың, Конституциялық Кеңестің өкілдері, Парламент депутаттары, орталық құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, ғалымдар, адвокаттар алқасының, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес мұйымдардың өкілдері және ЕО «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» жобасының қызметкерлері қатысты.

"Бүкіл әлемде айыппұл бас бостандығынан айыруға балама ең көп қолданылатын қылмыстық жазалау болып табылады. Атап айтқанда,  Англия мен Уэльсте қылмыстар 90% жағдайда айыппұл салынып жазаланады. Ал Қазақстанда қылмыс жасағаны үшін айыппұлдар өте сирек, сотты болғандардың  5%-ынан кем адамдарға қолданылады. Одан басқа, бүгінде осындай үкімдердің 2 мыңнан астамы орындалмаған", - деді Бас прокурор Жақып Асанов форумның ашылуында.

Айыппұлдар белгілеу және оны орындауға негізгі кедергілер ретінде олардың мөлшерінің тым үлкен екендігі, оларды өтеу үшін белгіленген мерзімнің жеткіліксіздігі, айыппұлды төлемеушілерге әсер етудің тиісті тетіктері жоқ екендігі атап көрсетіледі. 

 «Біз Қазақстан жағдайында қылмыстық айыппұлдарды бас бостандығынан айыруға балама ретінде пайдалануды неғұрлым кеңірек енгізудің мүмкіндігін зерделедік. Форумда біз мұны ел жағдайында пайдаланудың ең үздік практикаларын қалай пайдалануға болатыны туралы және оны қалай жасаудың дұрыс екендігі туралы алдын ала жасалған ұсынымдарымызды бердік. Реформаның табыстылығы да қашанғыдай, осындай істе заңнамада өзгерістер жасауға ықпал етуге қабілетті жоғары лауазымды қызметтегілердің жүрегі мен ақыл-ойын жаулап алу немесе алмауға тәуелді болады. Айыппұл деңгейін белгілеу жүйесінің әртүрлі елде бір-бірінен айырмашылығы бар, бірақ, қылмыстық айыппұлдардың сәтті енгізген елдер өздері үшін құқық бұзушының мүмкіндіктерін ескере отырып, айыппұлдардың төмен мөлшерін белгіледі», деп атап көрсетті Европалық одақтың сарапшысы  Кир Хопли.

Бас прокуратура форумда заңнамаға айыппұлдардың  мөлшерін түзету және төмендетуге арналған, меншікке қарсы бірінші рет жасалған ауыр емес қылмыстар үшін еселенген айыппұлдар салу, кейінге шегеру мерзімін ұлғайту және айыппұлдарды бөліп төлеу және басқалары бар түзетулер топтамасын ұсынды. Талқылаулар нәтижесі бойынша форумға қатысушылар тұтастай алғанда  Бас прокуратураның бастамаларын қолдап, қылмыстық айыппұлдар жүйесін жетілдіру жолдары туралы өздерінің бірқатар ұсыныстарын жария етті.  

Жалпы қаржы қоры 5,5 миллион еуро құрайтын, Еуропалық Одақ (ЕО) «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» жобасы  ЕО Қазақстандағы өкілдігінің «Қазақстан Республикасының сот және құқықтық реформасын қолдау»  ірі бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Бұл жоба Ұлыбритания Әділет министрлігімен серіктес Әріптестік жөніндегі Солтүстік Ирландиялық ұйымы, Нидерланды пробация қызметі және Польша сот ісі мемлекеттік академиясы және прокуратурасы тарапынан жүзеге асырылуда.

 

Қосымша ақпарат алу үшін қоғаммен байланыс жөніндегі сарапшы Мира Бейсенова ханыммен + 7 (7172) 23 70 21 телефоны немесе mbeisenova@nico.org.uk  электрондық поштасы арқылы, немесе Қазақстандағы ЕО Делегациясы, баспасөзбен байланыс жөніндегі маман Эльнара Байназарова ханыммен (7172) 97 4564 телефоны  немесе Elnara.BAINAZAROVA@eeas.europa.eu электрондық поштасы арқылы байланысыңыз.     

Editorial sections
Kazakhstan