THIS CONTENT HAS BEEN ARCHIVED

Еуропалық комиссия Қазақстан әуе компанияларын ЕО Ұшу Қауіпсіздігінің «қара тізімінен» шығарды (8/12/2016)

08.12.2016
Teaser

Бүгін Еуропалық комиссия ЕО ұшу қауіпсіздігінің тізімін жаңартты. ЕО ұшу қауіпсіздігінің тізімі ЕО елдерінің әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халықаралық стандарттарға сай келмейтін әуе компанияларға Еуроодақ аясында ұшуға тыйым салу мен шектеулер кою болып табылады. Қазақстанның барлық әуе тасымалдаушылары «қара тізімнен» шығарылып, Iran Aseman Airlines тізімге енгізілді.

Text

Брюссель - Бүгін Еуропалық комиссия ЕО ұшу қауіпсіздігінің тізімін жаңартты. ЕО ұшу қауіпсіздігінің тізімі Еуроодақтың әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халықаралық стандарттарға сай келмейтін әуе компанияларға ЕО елдеріне ұшуға тыйым салып, шектеулер кояды. 2015 жылдың желтоқсан айында Еуропа азаматтарына әуе кеңістігінде аса жоғары дәрежеде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Авиация стратегиясы атты құжаты қабылданған.

 

Қазақстандағы авиация қауіпсіздігіне байланысты жағдайдың жақсарғанынан кейін, осы мемелекетте  тіркелген барлық әуе компаниялар "қара тізімнен" шығарылды. Ал ирандық Iran Aseman Airlines компаниясы кемшіліктерді жоймағандықтан тізімге енгізілді.

ЕО-тың көлік жөніндегі Комиссары Виолета Булк ханым былай деп мәлімдеді: "ЕО ұшу қауіпсіздігінің тізімі еуропалықтарға әуе кеңістігінде аса жоғары дәрежеде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы құрал болып табылады. Көп жылдар бойы қызмет істеп жатқан және ЕО техникалық көмегінің арқасында Қазақстанның барлық әуе тасымалдаушылары қара тізімнен шығарылғанына қуаныштымын. Сонымен қатар, бұл осы тізімдегі басқа мемелекеттер үшін жағымды белгі және айқаралған жұмыс пен ынтымақтастық үш есе қайтарылатындығының көрінісі болып табылады. ЕО және Еуропа авиация қауіпсіздік агенттігі сол елдердің авиация қызметінің әрқашан осы бағытта көмектесуге дайын".

ЕО ұшу қауіпсіздігінің тізімі Еуропада әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, басқа елдердің қауіпсіздік дәрежесін жоғары көтерілуіне себепші, әсіресе тізімнен шығу үшін біраз жұмыстар жасалады. Онымен қоса, ЕО Ұшу Қауіпсіздігінің тізімі ескертетін құрал болып табылады. Көптеген елдердің қауіпсіздікті сақтауда өзекті мәселелерді шешуіне тура келеді.

 

Бүгінгі таңда 193 авиакомпанияларына ЕО әуесінде ұшуға тыйым салынған:

•        18 елде1 тіркелген 190 әуе компаниялар – сол елдерде авиация өкілдерінің қауіпсіздік көрсеткіштеріне сай келмегендіктен.

•        3 дербес авиакомпаниялары: Iran Aseman Airlines (Иран), Iraqi Airways (Ирак) және Blue Wing Airlines (Суринам) - қауіпсіздік тұжырымдамасында негізделген көрсеткіштерге сай келмейді.

Қосымша алты авиакомпаниялары ұшуға тыйым салынады және ЕО елдеріне тек белгілі әуе кемелерімен ғана рейстер жасай алады: Afrijet және Nouvelle Air Affaires SN2AG (Габон), Air Koryo (ҚХР), Air Service Comores (Комор), Iran Air (Иран) и TAAG Angola Airlines (Ангола).

 

Ақпараттық анықтама

Бүгінгі шешім  ағымдағы жылдың қараша айының 22-24 аралығында ЕО Авиация қауіпсіздік комитетінде өткен отырыста ЕО мүше-мемлекеттердің қауіпсіздік жөнінде анонимді сарапшылардың қорытындысы  бойынша қабылданды. Бұл комитетте ЕО Авиация қауіпсіздік комитетінің (EASA) қолдауымен Еуропалық комиссия төрағалық етеді. Қауіпсіздік деңгейінің бағалау критерийлері Халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO)   стандарттары бойынша анықталды. Авиацияның қауіпсіздік тізімі 2015 жылдың желтоқсан айында Авиация стратегиясының бөлімі ретінде қабылданған Regulation (EC) No 2111/2005 қаулысы бойынша құралады.

 

Нақты талдау жолаушылардың сенімсіз әуе тасымалдаушылардан сақтану деңгейін көтеру жолдарын анықтайды. Халықаралық қауіпсіздік стандарттарын жоғарлату мақсатында барлық әуе мекемелерімен жұмыс істейді. Еуропалық комиссия қолдауымен Еуропалық Авиация қауіпсіздік комитеті жеке әріптестер деңгейінде, аймақтық ауқымдағы техникалық ынтымақтастық жобаларын жүзеге асырады. Мысалы Көршілес Шығыс/Орталық Азия Жобасын алайық. Бұл жобаның арқасында панъеуропалық жүйесінде Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің белсене қатысуын қамтамасыз етеді және авиация қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру шеңберінде азаматтық авиация мекемелеріне қолдау көрсетеді. Қосымша техникалық ынтымақтастық жоба жайлы ақпаратты сілтеме арқылы білуге болады.

 

ЕО-ғы ұшуға тыйым салынған авиакомпаниялар тізімі

Еуропалық экономикаға авиацияның маңыздылығы

Еуропалық  авиация қауіпсіздік агенттігінің техникалық ынтымақтастық жобалары

 

Қосымша ақпарат бойынша Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова ханымға + 7 (7172) 97 45 67 телефоны бойынша немесе электрондық пошта Elnara.bainazarova@eeas.europa .eu арқылы байланысыңыз.

 

 

 

 

________________________________

1Ауғаныстан, Ангол, Бенин, Конго Республикасы, Демократиялық Конго Республикасы, Джибути, Экваториальді Гвинея, Эритрея, Габон, Индонезия, Қырғызстан, Либерия, Ливия, Мозамбик, Непал, Сан-Томе және Принсипи, Сьерра-Леоне және Судан.

 

Категория
Press releases
Location

Bruxelles

Editorial sections
Kazakhstan