THIS CONTENT HAS BEEN ARCHIVED
Page language:
Kazakh

ЕО «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасының аяқталуына арналған салтанатты шарада Министрліктер аймақтардың қорытынды нәтижелерін ұсынды

01.02.2017
Teaser

АСТАНА – 1 ақпанда ЕО «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасының аяқталуына арналған салтанатты шарада ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен пилоттық жобалар іске асқан. ШҚО, Қызылорда мен Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің 150 астам қатысушылары өз аймақтарының экономикалық және әлеуметтік жетістіктерімен таныстырды. 2013 жылдың ақпанынан Жоба ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен пилоттық аймақтарға өңірлік даму саясатын жүзеге асыруға консультативтік және техникалық қолдау көрсетті.

Text

Шараның салтанатты ашылуында сөз алған ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстандағы ЕО өкілдігінің мүшелері стратегиялық жобалау, орта және шағын бизнесті дамыту, өңірлік туризм, жергілікті өзін-өзі басқару, өңірлік бюджет, инновацияларды дамыту мен мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру бағытында жеткен жетістіктермен бөлісті. Сондай-ақ, шара барысында өңірлердегі әкімдіктердің өздігінен жұмыс істей алу мүмкіндіктері қарастырылды.

 

Саясат мәселелері, баспасөз және ақпарат құралдары бөлімінің басшысы, ЕО Өкілдігінің Қазақстандағы уақытша сенім жүктелген өкілі Золтан Салаи: "ҚР Үкіметінің түрлі ведомстволарымен, министрліктері және әкімдіктерімен жасалған жұмыс өз нәтижесін берді, мұны мойындау керек. Жекелей алсақ, 63 стратегиялық құжат жасалды, оның 53-ін құзырлы органдар қабылдады. 1000 адам өңірлік даму саласындағы біліктіліктерін арттырды. Инклюзивті жобалаудың өңірлік, жергілікті немесе ауылдық процесстері турасында 20 астам жоспар құрылды, аймақтық және тақырыптық серіктестік бойынша 9 стратегиялық құжатқа қол қойылды. Сондай-ақ, туризм, инновация мен ауыл шаруашылығы саласында жалпы сомасы 30 млрд теңгеден асатын /86 млн еуро/ 50 астам инвестициялық жоба мен бизнес-жоспарлар дайындалды. Өңірлік және жергілікті дәрежеде білім берудің толық бағдарламасы дайындалып, сыналды.

 

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ильмұханбетова облыста орта және шағын кәсіпкерліктің дамығанын, әрі оның ішкі өңірлік өнімдегі үлесінің артқанын баяндады. «Бұл бағытта Жоба мамандары бизнесті қолдау бағытында көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын арттыру мен оларға ыңғайлы жағдай жасау бойынша ұсыныстарын берді. Мәселен, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарының әрбір ауданында  Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары құрылды.  Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерді қолдау инструменттеріне қолжетімділікті арттыру, әкімшілік  және экономикалық кедергілерді азайту бойынша  механизмдер жасалды. Қорытындысында, Маңғыстау облысы бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жобалардың саны 2013 жылы 41 болса, өткен жылдың есебі бойынша олардың саны 179-ға жеткен.  ЖІӨ орта және шағын бизнес үлесі  2013 жылғы 18,3 пайыздан, 2016 жылы 33,2 пайызға жетті».

 

«Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасының сарапшылары төрт жыл ішінде облыстық әкімдіктер, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар басшылары мен мамандарының түрлі бағыт бойынша біліктіліктерін арттырды. Сондай-ақ, жоба «Өңірлік және жергілікті басқару» бойынша модульдік оқыту бағдарламасын ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясымен бірлесіп дайындады.  Шарада Академияның оқытушыларына білім беру бағдарламасын дайындауда заманауи әдістерді қолданып, біліктіліктерін арттырғаны үшін арнайы сертификаттар табысталды.

 

ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Улақова жергілікті өзін-өзі басқару саласында күтілетін реформаларды дайындау бағытында жасалған жұмыстарды атап өтті. Оның айтуынша, облыстық әкімдік семинарлар мен түрлі кездесулерді өткізу бойынша аудандық және ауылдық әкімдіктерге қолдау көрсеткен. Жекелей алсақ, Таврия, Шульба, Первороссийск, Айнабұлақ және Сәтпаев ауылдық округтерінде кездесулер ұйымдастырылған. Олардың әрбіреуіне отыз шақты адам қатысқан. Жоба сарапшылары болса, ауылдық округтерді жандандыру бойынша өз ұсыныстарын білдірген.

 

«Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасы Еуропалық Одақпен қаржыландырылады және GDSI Limited (Ирландия) басшылық ететін консорциуммен жүзеге асырылады. Төрт жылдық (2013-2017жж.) жобаның жалпы бюджеті 6 288 000 евроны құрайды.

 

Толық ақпарат алу үшін, өтінеміз, жобаның бұқарамен қатынас жөніндегі сарапшысы Зеріп Қосымға +7 701 577 35 37, тел. арқылы, email: zerip.kossym@kzregdev.kz., немесе ҚР-ғы Еуропалық Одақ Өкілдігінің баспасөз-хатшысы Эльнара Байназарова  ханым +7 (7172) 97-45-67 тел. арқылы хабарласыңыз, email: Elnara.BAINAZAROVA@eeas.europa.eu.

Категория
Press releases
Location

Bruxelles

Editorial sections
Kazakhstan