THIS CONTENT HAS BEEN ARCHIVED

Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі Халықаралық адам құқықтар күнін атап өтті

11.12.2017
Teaser

8 желтоқсан 2017 ж. Астана қаласында Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі Халықаралық адам құқықтары күніне орай салтанатты қабылдау, сонымен қатар «ЕО-Орталық Азия ынтымақтастығы» фотокөрмесін өткізді.

Main Image
Text

АСТАНА – 8 желтоқсан 2017 ж. Астана қаласындағы «Марриотт» қонақ үйінде Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі Халықаралық адам құқықтары күніне орай салтанатты қабылдау, сонымен қатар «ЕО-Орталық Азия ынтымақтастығы» фотокөрмесін өткізді. 

Қабылдау барысында Қазақстанда адам құқықтарының қорғалуына және ілгерілеуіне орасан зор үлестерін  қосқан азаматтық қоғам ұйымдарын Халықаралық наградалармен (International Human Rights Award) марапаттау рәсімі өткізілді. Номинанттарды Қазақстандағы халықаралық қоғамдастық арнайы құрған  комиссия (International Community Panel) іріктеді. 

Іс-шара аясында «ЕО-Орталық Азия ынтымақтастығы тұлғалар бейнесімен» фотокөрмесі өтті, мұнда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы табысты әрі жемісті ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқан 50-ден астам қайраткерлердің портреттері таныстырылды.

Іс-шараға Қазақстан мен Еуропалық Одақтың үкімет органдары, бизнес, мәдениет және өнер салаларының 150-ден астам өкілдері қатысты. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың қазіргі кезде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанда #EU4HumanRights және #EU4Women хэштегімен өтіп жатқан ақпараттық науқандарына  ҚР Парламенті Сенатының депутаты, дипломат Бірғаным Әйтімова, жүзуден Параолимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, журналист, тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы, әнші, модельер  Лидия Досалина (Лидо), актерлер Артур Төлепов және Дина Тасболатова қолдау көрсетті. Сондай-ақ, Ләйла Сұлтанқызы өзінің жаңадан жарыққа шығарғалы отырған "Әйел" атты кітабын халықаралық қауымдастыққа арнайы таныстырды.

Қазақстандық танымал опера әншісі Сүндет Байғожин іс-шара барысында өзінің үздік опера туындыларын орындады. Жақында ғана Сүндет Байғожин Рим опера театрында тұңғыш өнер көрсеткен қазақ солисті атанып, ЕО мен Қазақстан арасындағы  мәдени дипломатия байланыстарының көрнекті өкілі болып табылады.

#EU4HumanRights и #EU4Women медиа науқандарының мақсаттары азаматтардың адам құқықтары, гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері, сондай-ақ ЕО сыртқы саясатындағы адам құқықтары саласындағы басымдықтарды талқылау туралы  хабардарлығын арттыру болып табылады.

#EU4HumanRights и #EU4Women медиа науқандары аясында адам құқықтары, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтары және  әйел құқықтары бойынша әлеуметтік роликтер түсірілген болатын.

Қосымша ақпарат:

Халықаралық адам құқықтары күні жыл сайын 10 желтоқсанда – Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қабылданған күні атап өтіледі. ЕО бейбітшілік, орнықты даму және өсіп-өркендеу тек адам құқықтарына, демократияға, заңның үстемдігіне құрмет көрсетуге негізделгенде ғана салтанат құрады деп санайды.

Videos (legacy)
THIS CONTENT HAS BEEN ARCHIVED

#EU4HumanRights and #EU4Women social videos

11.12.2017
Media Video
Remote video URL
Topics
Human Rights & Democracy
Editorial sections
Kazakhstan
Human Rights & Democracy
Topics
Human Rights & Democracy
Editorial sections
Kazakhstan
Human Rights & Democracy