THIS CONTENT HAS BEEN ARCHIVED

Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 25-жылдығына орай бірлескен мәлімдеме

02.02.2018
Teaser

2018 жылғы 2 ақпанда Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толды. Осы күннен бастап екі тарап арасында тығыз әрі өзара тиімді ынтымақтастық қалыптаса бастады.

Text

Ширек ғасыр ішінде Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасында қарым-қатынастың берік шарттық-құқықтық базасы құрылды. Оның іргетасы 2015 жылғы 21 желтоқсанда қол қойылған ЕО мен ҚР арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық келісімі болып табылады.

2016 жылғы 1 мамырдан бастап жартылай қолданысқа енген бұл құжат екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңге бет алғанын көрсетеді және халықтарымыздың игілігі үшін көптеген салалардағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін елеулі кеңейтті. Қазақстан ЕО-мен осындай Келісімге қол қойған Орталық Азияның тұңғыш мемлекеті болды.

Келісім Қазақстан мен Еуропа арасындағы ұзақ мерзімді байланыстарды қарқындатудың локомотиві болуға арналған. Құжат сауда, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ саяси диалогты және адам құқықтары саласындағы диалогты кеңейтуге бағытталған.

Еуропалық Одақ пен Қазақстан Орталық Азия бойынша ЕО Стратегиясының іске асырылуына бірлесе қолдау білдіруде. Адами капиталды дамыту, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын ұтымды пайдалану, өңірдің тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымын қалыптастыру, қауіп-қатерлерге қарсы күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр.

Еуропалық Одақ пен Қазақстан одан әрі ортақ құндылықтарға негізделген өзара іс-қимыл жасау үшін зор әлеуеттің бар екендігіне сенімді және әріптестік пен ынтымақтастықтың барлық нысандарын дәйекті жетілдіруді жалғастыруға дайындығын білдіріп отыр.

 

Категория
Joint Statements
Location

Astana

Topics
EU information in Russian
Common Foreign & Security Policy (CFSP)
Common Foreign & Security Policy (CFSP)
Editorial sections
Kazakhstan
EU information in Russian