Қазақстан ЖОО-ы еуропалық жобаларда қатысады: Еуразиялық ұлттық университетінде Эразмус+ жобалары нәтижелерінің көрмесі ашылды
Іс-шараны Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігімен, Білім және ғылым министрлігімен және Қазақстан Ректорлар Кеңесімен, Еуропалық Комиссияның білім, аудиовизуалды және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің қолдауымен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты мүдделі тараптардың кең ауқымын Эразмус+ жобаларының нәтижелерімен мултипликативтік әсерін арттыру үшін жағдай жасау болды. Эразмус+ бағдарламасы аясында жалпы құны 35,5 миллион еуродан асатын 47 қазақстандық университеттің қатысуымен 40 жоба қаржыландырылды. Жобалар жоғары білім беруді дамытуға, оқу бағдарламаларын жетілдіруге, жоғары оқу орындарын басқаруды жетілдіруге бағытталған. Көрме барысында жобалық топтар өз жұмыстарының нәтижелерін ұсынды, көрмеге келушілерге әзірленген материалдармен және халықаралық жобаларды басқару тәжірибесімен бөлісті.
Көрмемен қатар, 25-26 қазанда Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі болашақта бағдарламаға қатысуға тілек білдірушілер үшін ақпараттық сессия өткізді. Эразмус+ бағдарламасының түрлі компоненттеріне қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының қатысу мүмкіндіктері туралы мәлімдеме жасалды және 2019 жылғы конкурстық ұсыныстардың талаптары анықталды. Қатысушылар көрмеде ұсынылған жоғары оқу орындарының әлеуетін арттыру жобаларымен қатар, бағдарлама студенттер және мұғалімдермен алмасу жобаларын қаржыландыру, Еуропадағы магистр дәрежесін алу, Еуропалық Одақ туралы дәрістер оқу және халықаралық ынтымақтастық саласындағы басқа да іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі ақпараттарды білді.
Жалпы іс-шараға 500-ден астам адам қатысты.