ЕО жобасы осал топтар үшін мемлекеттік кепілдендірілген заң көмегін қамтамасыз ету мәселесін талқылады
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ішкі істер министрлігі және Қоғамдық даму министрлігінің және басқа да ведомстволардың, адвокаттардың, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен құқық қорғаушылар жобаның негізгі нәтижелерін қорытындылап, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген құқықтық көмек саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Еуропалық Одақ 280,072 еуро көлемінде қаржыландырған жоба халықтың осал топтарының қылмыстық және азаматтық сот төрелігі жүйесінде мемлекеттік кепілдік беретін заңдық көмек сапасы мен қолжетімділігін арттыру арқылы құқықтарын қорғау тетіктері мен тәжірибесін жетілдіруге бағытталған.
Жобаның негізгі нәтижелерінің арасында Қазақстанның 7 өңірінде мақсатты топтар (қиын өмірлік жағдайдағы әйелдер, кәмелеттік жасқа толмағандар, балалар үйлерінің түлектері, сотталғандар) арасында олардың мемлекет кепілдендірілген құқықтық көмекке қолжетімділік мәселелері зерттеліп, жоба мамандарының заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарын атап өтуге болады.
Орталық Азиядағы Еуразия Қорының атқарушы директоры Ринад Темірбековтың айтуынша «Зерттеуден басқа, жоба мемлекеттік кепілдендірілген құқықтық көмек алу тетіктер туралы халықты хабардар ете алды, сондай-ақ Грузияның халықаралық тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік берді. Халықтың осал топтарына құқықтық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік осал топтардың қажеттіліктеріне көбірек назар аудару қажет деп есептейміз. Сондай-ақ «құқықтық ақпаратқа» жұмсалатын шығындарды қысқарту арқылы мемлекет кепілдік беретін құқықтық көмек жүйесі бойынша заң көмегін алатын осал топтардың категорияларын арттыру керек».
Қосымша ақпарат үшін Ақмарал Қарлыбаева, Орталық Азияның Еуразия Қоры жоба менеджеріне, тел.: + 7(727) 250-18-10 (ішкі 120), akmaralk@ef-ca.org, немесе Эльнара Байназарова, ҚР Еуропалық Одақ Өкілдігінің баспасөз-хатшысына, тел.: +(7172) 97-45-67, Elnara.BAINAZAROVA@eeas.europa.eu хабарласыңыз.