THIS CONTENT HAS BEEN ARCHIVED

Еуроодақ Қазақстан журналистеріне арнап Брюссельге тағылымдама ұйымдастырды

21.11.2018
Main Image
Text

АСТАНА – 19-23 қараша 2018 ж. бірқатар Қазақстан журналистері Еуропалық Одақтың Орталық Азия БАҚ өкілдеріне арнап ұйымдастырған пресс-тур шеңберінде Брюссель қаласында (Бельгия) халықаралық тағылымдамадан өтеді. Қатысушылардың бағдарламасында Еуропалық парламент, ЕО Кеңесі, Еуропалық комиссия, Еуропалық сыртқы істер қызметі және Брюссельде журналист пулы қызметімен танысу көзделген. Сондай-ақ, сапар барысында қатысушылар ЕО-Орталық Азия министрлік кездесуіне қатысып, ЕО Жоғарғы өкілі Федерика Могерини ханыммен кездесуге мүмкіндік алады.

Қазақстан тарапынан пресс-турге қатысушылар тізімі Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған байқау қортындысы бойынша 26 маусым 2018 ж. жарияланды. Байқауды Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен Қазмедиа Медиамектебімен бірлесе отырып ұйымдастырды. Ол Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастарды кеңейтуге әрі нығайтуға, ашық диалог қалыптастыруға және Қазақстан медиа қауымдастығында Еуропалық Одақ туралы хабардарлықты жетілдіруге бағытталған болатын.

Байқау жеңімпаздары:

• Асқаров Арсен, «ҚазТАГ» халықаралық агенттігі, Астана қаласы;

• Асхожина Ольга, «Астана» Радиосы, Астана қаласы;

• Бектілеуова Орынгуль, «Қазақстан» телеарнасы өңірлік филиалы, Атырау қаласы;

• Мұхамеджан Ерболат, «Atameken Business channel» телеарнасы, Астана қаласы;

• Москаленко Данил, «Atameken Business channel» телеарнасы, Астана қаласы;

• Тәжиева Гүлнар, «Айқын» газеті, Алматы.

Анықтама

2018 ж. 2 ақпанда Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатлығанына 25 жыл толды. Аталған ширек ғасыр барысында өзара ынтымақтастықтың берік негізі қаланды. Астанада, ЕО пен Қазақстан Республикасының арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісіміне (КӘЫК) 2015 жылдың 21 желтоқсанында қол қойылды.  КӘЫК-нің негізгі бөлімдері 2016 жылдың 1 мамырынан бастап уақытша күшіне ене бастады. Келісім 29 саладағы ықпалдастық аясын кеңейтіп, ЕО пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, жұмыспен қамту, еңбек қатынастары,   мәдениет, білім және ғылыми зерттеу салаларындағы ықпалдастыққа жол ашты. 1991-2014 жж. аралығында ЕО Қазақстанда жалпы сомасы 180 млн құрайтын 350-ден астам жобаны тікелей қаржыландырды. Бұл жобалар ҚР Үкіметінің әр түрлі министрліктері, ведомстволары мен комитеттеріне саяси кеңес және техникалық көмекке бағытталды.

Қосымша ақпарат бойынша Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Баспасөз және ақпарат жөніндегі үйлестірушісі Эльнара Байназарова ханымға хабарласуыңызды өтінеміз: +7 7172 974567, elnara.bainazarova@eeas.europa.eu

 

Post category
News stories
Editorial sections
Europe and Central Asia
Kazakhstan