THIS CONTENT HAS BEEN ARCHIVED

Брюссельде ЕО-Қазақстан арасындағы Әділсот және ішкі істер мәселелері бойынша кіші комитет пен Адам құқықтары диалогы басқосулары өтті

22.11.2018
Teaser

БРЮССЕЛЬ– 20-21 қараша күндері Брюссель қаласында Еуропалық Одақ пен Қазақстан Адам құқықтары бойынша 10-шы диалогы және Әділсот және ішкі істер мәселелері бойынша кіші комитетінің 16-шы отырысын өткізді. Қос кездесу сындарлы және ашық түрде өтті, және тараптар мәселелердің кең ауқымын, соның ішінде азаматтық қоғаммен алдынғы консультациялар барысында шығарылған мәселелерді талқылады.

Text

Адам құқықтары бойынша диалог барысында ЕО Қазақстанда негізгі бостандықтарды қорғау мен Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің (КӘЫК) адам құқықтары бойынша ережелерінің орындалуына назар аударды. Азаматтық қоғамға қатысты заңдар мен саясат саласындағы өзгерістерді есепке ала отырып, Қазақстан ҮЕҰ, заңгерлер және журналистер үшін қолайлы ортаны қалыптастыру бойынша іс-қималдарын жалғастыру маңызды екендігі атап өтілді. Атап айтқанда, ЕО пікір білдіру бостандығы, бірлестіктер бостандығы және бейбіт жиналыс еркіндіктеріне қол жеткізу бойынша кедергілер мәселесін талқыға салды. Сонымен қатар, діни сенім бостандығы бойынша заңдардағы өзгерістер қарастырылды.

ЕО кәсіподақтар туралы заңның Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) конвенциялары және ЕО-Қазақстан КӘЫК-нің ережелеріне сәйкес жаңартылу қажеттілігін атап өтті.

Еуропалық Одақ пен Қазақстан адам құқықтары бойынша ұлттық институттардың және Омбудсменнің рөлін қарастырды. Жаңа заңнамалық ережелер мен арнайы шаралар арқылы Қазақстанның азаптауға қарсы нөлдік төзімділік саясатын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылдары талқыланды. ЕО тұтқындарды оңалту,  азаптауға кінәлі адамдарды жауапқа тарту мен қамау орындарында тәуелсіз бақылауды қамтамасыз ету мәселелеріне көңіл бөлудің маңыздылығын баса айтты.

ЕО Қазақстанды Еуропалық Одақ және БҰҰ-ның әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жоюға бағытталған «Жарық сәулесі» бірлескен бастамасына қосылуды шақырды. Қазақстан мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін неғұрлым инклюзивті қоғамды қалыптастыру бойынша кең ауқымды шараларды жүзеге асыруда.

Қатысушылар көпжақты форум шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады. Қазақстан халықаралық деңгейде бітімгершілік мәселелерін талқылауда оң және белсенді рөл атқарды. Қазақстан өкіметінің БҰҰ-ның қарауына ашық болып, ЕҚЫҰ-мен тығыз жұмыс істеуі маңызды.

Сонымен қатар, кездесуде бірқатар жеке істер көтеріліп, Еуропалық Одақ бұл істер бойынша тізімді Қазақстан тарапына ұсынды.

Әділсот және ішкі істер мәселелері бойынша кіші комитетінің отырысы барысында, Еуропалық Одақ заң үстемділігін нығайту, оның ішінде мемлекеттік басқару реформасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және адам құқықтарын қорғау – Еуропалық Одақтың Қазақстанды қолдаудағы негізгі басымдық секторлары болып қала беретіндігін растады. Қазақстандағы соңғы саяси және институционалдық өзгерістер, соның ішінде сот реформалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, көші-қон, баспана және шекараны басқару, заңсыз есірткіге және адам саудасына қарсы күрес, терроризм және радикализация мәселелері талқыланды.

Қазақстан өзінің соңғы сот реформалары мен қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын жаңғырту жөніндегі іс-қимылдары туралы баяндады. Электрондық әділсот саласындағы жетістіктер, яғни барлық азаматтар үшін әділсоттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Қазақстанның жеке халықаралық құқық жөніндегі Гаага конференциясына қосылуы және оның сыбайлас жемқорлықпен күресу мен мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру бойынша берік ұстанымы оң нәтиже береді. Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына (GRECO) қосылуға мәлімдеген ниеті тағы бір оң белгі. Еуропалық Одақ жақында қабылданған адвокаттық және құқықтық көмек туралы заңды қарастырып, заң мамандарының тәуелсіздігін қамтамасыз ету мен олардың адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлінің маңыздылығын еске салды.

Еуропалық Одақ пен Қазақстан КӘЫК шеңберіндегі тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға бейілділігін растады.

ЕО делегациясын  Еуропалық сыртқы істер қызметінің Орталық Азия бөлімшесі басшысы Борис Ярошевич мырза, ал  Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының орынбасары Марат Ахметжанов мырза басқарды.

Категория
Press releases
Location

БРЮССЕЛЬ

Editorial sections
Europe and Central Asia
Central Asia
Kazakhstan
EEAS