Астанада адам құқықтары саласы бойынша Халықаралық наградалармен марапаттау рәсімі өтті
Қазақстанда адам құқықтарының қорғалуына және ілгерілеуіне орасан зор үлестерін қосқан азаматтық қоғам ұйымдары,адам құқықтарын қорғаушылар, үкіметтік институттар мен БАҚ өкілдерін Халықаралық наградалармен (International Human Rights Award) марапаттау рәсімі жыл сайын өтуде. Биыл номинанттарды Қазақстандағы халықаралық қоғамдастық арнайы құрған комиссия іріктеді.
Келесі номинациялардағы жеңімпаздар тізімі:
• Бостандықтарды қорғау номинациясы (Freedom Defender Award)– Айна Шорманбаева, Халықаралық құқық бастамасының президенті;
• Құқықтық саясатты ілгерлету номинациясы (Improving Legal Policy Award) – Евгений Жовтис, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық Бюросының директоры;
• Инклюзивтілікті ілгерлету номинациясы (Promoting Inclusion Award) – Татьяна Чернобиль, Amnesty International сарапшысы ( «Халықаралық амнистия» халықаралық үкіметтік емес ұйым);
• Барлығына бірдей эділсотты жетілдіру номинациясы– Эльвира Азимова, Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі
• БАҚ дамуына қосқан үлесі үшін номинациясы – Вячеслав Абрамов, Vlast.kz интернет-журналының бас редакторы;
• Әйел өжеттілігі номинациясы (Woman of Courage Award)– Жанар Секербаева, «Феминита» Қазақстан феминистік бастамасының негізін қалаушысы;
• Адам құқықтары бойынша азаматтық қоғаммен диалог платформасын қолдау номинациясы – Айдана Арынбек, Шымкент Әлеуметтік Корпорациясы;
• Адам құқықтарын дамыту бойынша қызметке тағзым номинациясы – Сергей Чуйков, «МОДИ» Халықаралық кеңесінің төрағасы, Тараз қ.
Іс-шараға Қазақстанның үкіметтік құрылымдарының, дипломатиялық корпус, халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдардың 100-ден астам өкілдері қатысты. Сонымен қатар, аса құрметті қонақтар арасында АҚШ Мемлекеттік департаментінің Адам құқықтары, демократия мен еңбек жөніндегі бюро секретарінің көмекшісінің орынбасары қызметін атқарушы Майкл Келлухер, және АҚШ халықаралық даму агенттігінің администраторының көмекшісінің орынбасары Хавиер Педра мырза.
Анықтама
Биыл 10 желтоқсан күні Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдануына 70жыл толды. Адам құқықтарын қорғау мен ілгерілету көпжақтылық қағидатының негізінде жатыр, яғни БҰҰ жүйесінің негізінде және ЕО-ның басты іргетасы мен құндылықтарында. Еуропалық Одақ адам құқықтарын, демократия мен заң ұлықтылығын құрметтеу негізінде бейбітшілік, тұрақты даму мен халықтың әл-ауқатына қол жеткізуге болатынына сенімді. Адам құқықтары жалпыға бірдей және ажырамас. Біз адам құқықтарын құрметтеу мен ілгерілету Қазақстанның және Орталық Азияның барлық басқа елдерінің одан әрі өркендеуіне ықпал ететініне сенеміз.
Қосымша ақпарат алу үшін Қазақтан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова ханымға: + 7 (7172) 974567, e-mail: elnara.bainazarova@eeas.europa.eu арқылы хабарласыңыз.