ЕО журналистер байқауын жариялауда: «Еуроодақ – Қазақстан: медиа әріптестікті нығайту»
Байқау нәтижесінде ЕО институттары (Еуропалық Парламент, ЕО Кеңесі, Еуропалық Комиссия, Еуропалық сыртқы істер қызметі) мен Брюссельде медиа пулды зерделеу үшін бір апталық таныстыру тағылымдамаға қатысуға 4 жеңімпаз іріктелетін болады. Сонымен қатар жеңімпаздар Еуропалық Комиссияның күнделікті брифингтеріне қатыса алады және ішінара ЕО институттарының жұмыс механизмдерімен танысады. Сондай-ақ жеңімпаздар Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласында өтетін Еуропалық Одақ-Орталық Азия Министрлік басқосуға жолдама алады.
Байқаудың іріктеу кезеңдері:
- 2019 жылғы 25 сәуірге дейін өтінімдерді қабылдау. Талапкер толтырылған өтінімді бардық қосымша файлдармен және оған сілтемелермен қоса жолдайды.
- Білікті қазылар алқасы мен ұйымдастырушы комитеттің талапкерлерді анықтауы, тағылымдамаға қойылатын талаптарға сәйкес 2019 жылғы 10 мамырға дейін стипендияларды тағайындау.
- Жеңімпаздарды бекітілген бағдарлама бойынша 2019 жылғы маусымның аяғына дейін жіберу. Тағылымдаманың ұзақтығы жолды қоса есептегенде 1 апта.
Байқаудың толық шарттары мен өтінім үлгісі Kazmedia Mediaschool веб-сайтында қолжетімді.
Анықтама
2018 ж. 2 сәуірде Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі қазақстандық журналистерге арналған «Еуроодақ – Қазақстан: әріптестік пен ынтымақтастықтың 25 жылдығы» атты кәсіби халықаралық тағылымдамаға бірінші байқау жариялаған болатын. Байқаудың нәтижесінде алты жеңімпаз Брюссель қаласында (Бельгия) бір апталық тағылымдамадан өтті. Қатысушылар бағдарламаға сәйкес Еуропалық парламент, ЕО Кеңесі, Еуропалық комиссия, Еуропалық сыртқы істер қызметі және Брюссельде журналист пулы қызметімен танысты.
Өткен жылғы байқаудың жеңімпаздары:
• Асқаров Арсен, «ҚазТАГ» халықаралық агенттігі, Астана қаласы;
• Асхожина Ольга, «Астана» Радиосы, Астана қаласы;
• Бектілеуова Орынгуль, «Қазақстан» телеарнасы өңірлік филиалы, Атырау қаласы;
• Мұхамеджан Ерболат, «Atameken Business channel» телеарнасы, Астана қаласы;
• Москаленко Данил, «Atameken Business channel» телеарнасы, Астана қаласы;
• Тәжиева Гүлнар, «Айқын» газеті, Алматы қаласы.
* Өткен жылдың жеңімпаздары бұл жобаға қатысуға құқығы жоқ.
Қосымша ақпарат бойынша үйлестіруші Айнұр Мырзығалиева ханымға +7 (7172) 757879 немесе Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Баспасөз және ақпарат хатшысы Эльнара Байназарова ханымға хабарласуыңызды өтінеміз: +7 7172 974567, elnara.bainazarova@eeas.europa.eu