THIS CONTENT HAS BEEN ARCHIVED

#Skills4Jobs: Еуроодақ елшілері жастармен көсбасшылық сырларымен бөлісті

24.05.2019
Teaser

НҰР-СҰЛТАН – 21 мамыр күні «Еуропа күнін» өткізу шеңберінде Нұрсұлтан қаласының белсенді жастары үшін Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігімен бірегей іс-шара #Skills4Jobs ұйымдастырылды. Іс-шара жастардың әлеуетін арттыру, көсбасшылық және кәсіби қабілеттіліктерін жетілдіру, сондай-ақ Еуроодақ қаржыландыратын білім алу және мансап мүмкіндіктері, даму бойынша жастарға арналған бағдарламалар туралы хабардарлықты арттыру мақсатымен өткізілді.

Main Image
Text

Іс-шараны ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон мырза өзінің құттықтау сөзімен ашты. Арнайы панельді сессия барасында Еуропада білім алған немесе кәсіби тәжірибеден өткен Қазақстанның танымал тұлғалары – Қазмедиа медиа мектебінің директоры Махаббат Есен, TSE Art Destination галереясының арт-директоры Бауыржан Сағи, Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің атқарушы директоры Искандер Ақылбаев– өзінің жеке тәжірибесі мен кәсіби іскерлік пен қабілеттерді дамутыдың жолдарымен бөлісті.

Сонымен қатар, іс-шараның маңызды бөлігіне айналған Ambassadors’ Café – Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің елшілері жастармен бейресми форматта кездесуі өтті. ЕО елшілері қатсушылармен өзінің мансап жолымен, жинақтаған тәжірибесі, табысты болуға қажетті көсбасшылық қабілеттердің сырларымен, және ЕО елдеріндегі білім алу мүмкіндіктерімен бөлісті.

Іс-шараға ЕО мүше мемлекеттердің 14 дипломатиялық миссия басшылары қатысады: ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон, Бельгия Елшісі Алекси де Кромбрюгхе де Пикендаль, Германияның Уақытша сенімді өкілі Джонатан Вайнберг, Эстония Елшісі  Хейти Мяемеэс, Греция Елшісі Александрос Катранис, Франция Елшісі Филипп Мартинэ, Латвия Елшісі Юрис Погребнякс, Литва Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Адомас Давалга, Нидерланды Корольдігінің Елшісі Дирк Ян Коп,  Австрия  Елшісі Герхард Сайллер, Польша Елшісі Селим Хазбиевич, Португалияның Уақытша сенімді өкілі Аделино Виера да Кунха да Сильва, Румыния Елшісі Чезар Маноле Армеану, Словакия Елшісі Милан Коллар, Финляндия Елшісі Микко Кивикоски.

Іс-шараны Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасының презентациясы тәмамдады. Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық кеңсесінің өкілдері  бағдарламаның мазмұны, критерийі, өтінімді тапсыру тәртібімен, шәкіртақыны алу бойынша құнды кеңес пен ұсынымдармен бөлісті.

Биыл #Skills4Jobs қатысу мүмкіндігін қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын студенттер мен жас оқытушылар, жастар клубтарының мүшелері және Қазақстан БАҚ өкілдері арасынан 60-тан астам адам алды.  

Анықтама
Еуропа күні — Еуропалық одақ елдерінде жыл сайын өтетін бейбітшілік пен бірліктің мерекесі. Еуропа күні 9 мамырда аталып өтеді. Мерекенің басталуы Шуман декларациясына қол қоюы саналады, оған сәйкес 1950 жылғы 9 мамырда Парижде Францияның сыртқы істер министрі Робер Шуман Франция мен Батыс Германияны өнеркәсіптің металлургия мен көмір игеру саласын біріктіріп оларды Жоғары басқарушы органға беруге шақыруы. Бүгінгі таңда еуропалық Одақ – бұл 28 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі. Еуропа күні мерекесі Еуроодақтың туы, әнұраны және бірыңғай валютасы-еуромен бірге Еуроодақтың бөлінбес нышандарының бірі болып табылады.

1991-2014 жылдар аралығында ЕО Қазақстанда жалпы сомасы 180 млн еуроны құрайтын 350-ден астам жобаны тікелей қаржыландырды. Бұл жобалар Үкіметтің әртүрлі министрліктері, ведомстволары мен комитеттеріне саяси кеңес және техникалық көмекке бағытталды.

Қосымша ақпарат алу үшін Қазақтан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова ханымға: + 7 (7172) 974567, e-mail: elnara.bainazarova@eeas.europa.eu. арқылы хабарласыңыз.

Editorial sections
Europe and Central Asia
Kazakhstan