Sorry, you need to enable JavaScript to visit this website.
THIS CONTENT HAS BEEN ARCHIVED

ЕО «Қазақстандағы қылмыстық әділетті жетілдіру» жобасы аясында ұлттық серіктестерімен сатып алу үдерісі бойынша алғашқы жиын өтті

28.07.2016
Teaser

2016 жылдың 28-ші шілдесінде Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық әділетті жетілдіру»

Main Image
Text

АСТАНА – 2016 жылдың 28-ші шілдесінде Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық әділетті жетілдіру» жобасының ұлттық серіктестерімен сатып алу үдерісі бойынша алғашқы жиын өтті. Жиынға аталған жобаға қатысушы ұлттық серіктестермен сатып алу мәселелерін талқылау және оған қатысты Еуропалық Одақтың ережелерімен және тәртіптерімен таныстыру қажеттілігі себеп болды.

Жоба әлеуетін құру және жаттығу іс-шараларын қолдауға арналған бағдарлама, басқару құралдары, IT құралдарын қамтитын 500 000 еуро көлеміндегі көлденең қолдауға ие. Кездесудің негізгі бөлігі жоба үшін нақты таңдалатын және сатып алынатын тауарлар мен қызметтер ақырғы арнаулы қабылдаушы қажеттіліктеріне сай болуы керек  және жоба мақсаттарына белгілі бір дәрежеде қосымша әсер ете алуы керек деген тұжырымдаманы күшейтуге бағытталды.

Жиын басында жоба жетекшісі Уильям Ирвайн:

«Жобаның нақты мақсаттарымен байланысты құрылғылар сатып алу жобаларын қолдау жоба нәтижелерінің тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Қазір бізде құрылғылармен қамтамасыз ету бойынша алғашқы ұсыныстар бар. Бұл ұсыныстар алдағы бірнеше ай ішінде қарастырылып, өңдеуден өтеді. Мұнымен бірге, осы саладағы басқа жобалармен байланысты кез-келген сатып алу үдерісінің орындалуына ерекше мән берілетін болады», - деп атап өтті.

ЕО маманы Джан Лука Бомбарда сатып алу үдересі қатаң түрде «Europeaid» ережелері бойынша және Қазақстан Республикасының қаржылық үдерістер тәртібі мен Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы келісімге сай жүзеге асырылуы қажет екенін айтты. Бұл сатып алу үдерістерін жүзеге асыру үшін қажетті құралдар мен тауарлар тізімі анықталған кейін жүзеге асырылатын ұзақ үдеріс екенін де атап өтті.

Жиынға «Northern Ireland Co-operation Overseas» ұйымы, Құқық қорғау ұйымдары академиясы, ҚР Ішкі істер министрлігінің қылмыстық орындау жүйесі комитеті, ІІМ Қостанайлық Академиясы және жоба ұжымы мүшелері қатысты.

Жалпы қаржы қоры 5,5 миллион евро ЕО «Қазақстандағы қылмыстық әділетті жетілдіру» жобасы  Еуропалық Одақ (ЕО) тарапынан қаржыландырылып, Ұлыбритания Әділет министрлігімен серіктес Әріптестік жөніндегі Солтүстік Ирландиялық ұйымы, Нидерланды пробация қызметі және Польша сот ісі мемлекеттік академиясы және прокуратурасы тарапынан жүзеге асырылуда.

Қосымша ақпарат алу үшін қоғаммен байланыс жөніндегі сарапшы Мира Бейсенова ханыммен + 7 (7172) 23 70 21 телефоны немесеmbeisenova@nico.org.uk  электрондық поштасы арқылы, немесе ЕО Қазақстандағы Өкілдігі, Баспа және ақпарат бөлімінің ассистенті Еркежан Амриева ханыммен (7172) 97 4564 телефоны  немесеyerkezhan.amriyeva@ext.eeas.europa.eu электрондық поштасы арқылы байланысыңыз.

Post category
News stories
Editorial sections
Kazakhstan