ЕО-қа арналған «Стратегиялық компас»

Біз Еуропаға соғыстың қайта оралуының куәгерлері болып отырған кезде Еуропалық Одақ «Стратегиялық компас» атты қорғаныс концепциясын ресми түрде қабылдады.

«Стратегиялық компас» Еуропалық Одаққа 2030 жылға дейін қауіпсіздік пен қорғаныс саясатын күшейту бойынша ауқымды іс-қимыл жоспарын ұсынады.

Қауіпсіздік жағдайының күрт шиеленісуі бізден сапалы алға ұмтылыс жасауды, өз мүмкіндіктеріміз бен әрекет етуге дайындығымызды арттыруды, сыртқы күйзелістерге төтеп беру қабілетімізді күшейтуді және қорғаныс қабілетімізге көбірек және тиімді инвестиция салуды талап етеді.

Біздің Одақтың күші бірлікте, ынтымақтастықта және сенімділікте. "Стратегиялық компастың" мақсаты — ЕО-ты қауіпсіздік жағынан күшті әрі қабілетті ету. ЕО өз азаматтарын қорғап, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндей жағдайда болуы керек. Бұл мәселенің Ресейдің Украинаға қарсы негізсіз және себепсіз агрессиясының  салдарынан Еуропаға қайта оралған соғыс уақытында, сондай-ақ ірі геосаяси өзгерістердің аясында маңыздылығы айтарлықтай арта түсті. «Стратегиялық компас» ЕО-тың стратегиялық автономиясын және өзінің құндылықтары мен мүдделерін қорғау үшін серіктестермен жұмыс істеу қабілетін нығайтады.

ЕО-тың қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз етудегі қабілеті мен мүмкіндіктерін нығайту жаһандық және трансатлантикалық қауіпсіздікке оң әсер ете отырып, өзіне мүше елдер үшін ұжымдық қорғаныстың негізі болып қала беретін НАТО-ның күш-жігеріне қосымша көмек болмақ. Сондай-ақ бұл ережелерге негізделген жаһандық тәртіпті қолдауды арттырады, ал сол тәртіптің негізін Біріккен Ұлттар Ұйымы құрайды.

«Стратегиялық компас» ЕО әрекет ететін стратегиялық ортаға, сондай-ақ Одақ алдында тұрған қауіп-қатерлер мен сын-қатерлерге жалпы баға береді. Құжатта ЕО-тың қиындық туған жағдайларда батыл әрекет ету және өзінің қауіпсіздігі мен азаматтарын қорғау қабілетін арттыруға бағытталған нақты әрі тиімді ұсыныстар, сол ұсыныстарды жүзеге асыру кестесі келтірілген.

«Компас» қауіпсіздік және қорғаныс саясатының барлық аспектілерін қамти отырып, төрт негізгі элементтің аясында құрылған: іс-әрекет, инвестиция, серіктестік және қауіпсіздік.

Remote video URL

Іс-әрекет

Дағдарыс кезінде мүмкіндігінше серіктестермен бірге және  қажет болған жағдайда жалғыз өзінің тез әрі батыл әрекет ету мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ЕО:

  • дағдарыстың қандай да түрлеріне жауап беруге дайын 5000-ға жуық әскериден тұратын ЕО-тың жедел өрістету әлеуетін құрады
  • 30 күн ішінде, соның ішінде қиын жағдайларда, ортақ қорғаныс және қауіпсіздік саясаты (ОҚҚС) операцияларын жүргізу үшін толық жабдықталған 200 сарапшыны орналастыруға дайын болады
  • құрлықта және теңізде тұрақты жауынгерлік оқу-жаттығулар өткізетін болады
  • әскери ұтқырлықты арттырады
  • шешім қабылдау үдерісінің жылдам және икемді болуына жағдай жасай отырып, сенімді әрекет етіп, қаржылық ниеттестік деңгейінің артуын қамтамасыз ете отырып, ЕО-тың ОҚҚС (ортақ қорғаныс және қауіпсіздік саясаты) бойынша азаматтық және әскери миссиялары мен операцияларын нығайтады
  • серіктестерге қолдау көрсету үшін Еуропалық Бейбітшілік қорын толық көлемде пайдаланады.

Қауіпсіздік

Ағымдағы және жылдам өрбіп жатқан қауіптер мен сын-қатерлерді болжау, болдырмау және оларға жауап беру қабілетін нығайту және Еуропалық Одақтың қауіпсіздік мүдделерін қорғау мақсатында ЕО:

  • барлау деректерін талдау қабілетін арттырады
  • гибридті қауіптердің кең ауқымын анықтауға және оларға жауап беруге мүмкіндік беретін гибридті құралдар жинағын әзірлеп, әрекет ету тобын құрады
  • Кибердипломатиялық құралдар жинағын әзірлеуді жалғастырады, кибершабуылдарға дайындықты және оларға жауап беруді жақсарту мақсатында ЕО-тың киберқорғаныс саясатын іске қосады
  • ақпаратпен айла-шарғы жасау мен сыртқы араласуға қарсы тұру үшін арнайы құралдар кешенін әзірлейтін болады
  • ЕО-тың қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ғарыштық стратегиясын әзірлейді
  • теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін күшейтеді

Инвестиция

ЕО-қа мүше мемлекеттер әскери және азаматтық әлеуеттегі елеулі олқылықтарды азайту және еуропалық қорғаныс технологиясы мен өнеркәсіптік базасын нығайту бойынша ортақ мақсатымызға жету үшін қорғаныс шығындарын айтарлықтай ұлғайту міндетін қабылдады. Бұл үшін ЕО:

  • қауіпсіздік саласындағы қажеттіліктерімізге сәйкес қорғаныс шығындарының көлемін және тиімділігін арттыру бойынша ұлттық мақсаттар туралы ақпаратпен бөлісетін болады
  • мүше мемлекеттердің әлеуетті бірлесе дамыту үдерісіне, сондай-ақ стратегиялық құралдар мен келесі ұрпақтың құрлықта, теңізде, әуеде, киберкеңістікте және ғарыш кеңістігінде жұмыс істеу мүмкіндіктеріне ортақ инвестиция жасау үдерісіне қатысуы үшін қосымша ынталандыруларды ұсынады
  • стратегиялық олқылықтардың орнын толтыру, технологиялық және өнеркәсіптік тәуелділікті азайту үшін қорғаныс технологиялық инновация үрдісін жеделдетеді

Серіктестік

Ортақ қауіптер мен сын-қатерлерге қарсы тұру үшін ЕО келесі шараларды қабылдайды:

  • НАТО, БҰҰ сияқты стратегиялық серіктестермен және аймақтық серіктестермен, соның ішінде ЕҚЫҰ мен АСЕАН-мен ынтымақтастықты нығайтады
  • АҚШ, Канада, Норвегия, Ұлыбритания, Жапония және т.б. сияқты пікірлес елдермен және стратегиялық серіктестермен арнайы екіжақты серіктестік бағдарламаларын әзірлейді
  • Батыс Балқан, Шығыс және Оңтүстік көршілестік елдері, Африка, Азия және Латын Америкада арнайы серіктестікті дамытады, соның ішінде кеңейтілген диалог пен ынтымақтастық арқылы, ОҚҚС (ортақ қорғаныс және қауіпсіздік саясаты) бойынша миссиялар мен операцияларға қатысуға жәрдемдесу,  және әлеуетті арттыруға қолдау көрсету арқылы.

Main documents

Factsheets

Opinions

Resources

More on EU Security and Defence

Tweets

{"service":"smk","type":"user","display_user":true,"display_user_pic":true,"auto_expand_photo":false,"auto_expand_video":false,"target":false,"screen_name":"@EUSec_Defence","count":"3","include_rts":false,"rts_display_original":false,"exclude_replies":true,"tweet_more_btn":true}

Page Updated: